Inicio Басты жаңалықтар Түркістан облысында 30 мыңға жуық жүргізуші куәлігі берілді

Түркістан облысында 30 мыңға жуық жүргізуші куәлігі берілді

Жыл басынан бері өңірде 29 504 жүргізуші куәлігі берілді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда берілген куәліктер саны 17 205-ке азайды.

Жүргізуші куәлігін беру көрсеткіштерінің төмендеуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет Түркістан облысының тұрғындары арасында әлі де сұранысқа ие болып қала береді. Жалпы, өңірде қызмет көрсету үшін 2 Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы және 2 арнайы сектор жұмыс істейді.

Күн сайын Түркістан облысының әрбір арнайы ХҚКО-на 250-ге жуық азамат жүгінеді. Бұл көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәлігін алу сияқты қызметтерге тұрақты сұраныстың дәлелі. Өткен жылмен салыстырғанда берілген жүргізуші куәлігінің жалпы санының төмендеуіне қарамастан, бұл қызметтерге сұраныс төмендеген жоқ.

Мемлекеттік корпорацияның Түркістан облысы бойынша филиалы бизнес-процестерді оңтайландыру және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда. Бұл қызмет көрсетудің жоғары стандарттарын қамтамасыз етуге және облыс тұрғындарының қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Қосымша ақпарат немесе Мемлекеттік қызметтер бойынша түсініктеме алу үшін Мемлекеттік корпорация филиалының баспасөз қызметіне хабарласыңыз.