ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР: «Арнайы мектеп-интернаттар жағдайындағы ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту және тәрбиелеу процесіндегі модернизация» Түркістан облысының арнайы мектеп-интернаттар педагогтарының өзара іс-тәжірибе алмасу мақсатында «Арнайы мектеп-интернаттар жағдайындағы ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту және тәрбиелеу процесіндегі модернизация» тақырыбында облыстық семинар өтті. Сондай-ақ, осы семинар Басқарма жоспарына және Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Аталған семинар Түркістан қаласында орналасқан «Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты» ғимаратында өтті. Айта кетейік, бүгінде аталған мектеп- интернаты жаңадан бой көтерген ғимаратқа қоныс аударған. Жалпы, семинарда ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арнайы мектеп-интернаттар жағдайындағы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, сапалы білім беру мәселелері талқыланды. Өзара пікірлер алмасты. Облыстық семинарды басқарма басшысының орынбасары Ардақ Мадыханқызы жүргізді. Әсерлі өткен семинарға Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Кудеринова Айгерім Мерекеевна, «ВI Жұлдызай» Корпоративтік Қорының өкілі Салимбаева Алмагуль Аманжолавна облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының мамандары, аудандық, қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру мекемелерінің басшылары мен мамандары қатысты.
Inicio Басты жаңалықтар Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты