Inicio Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ҚҰРЫЛЫС ӨНІМДЕРІН СЫРТТАН ІЗДЕМЕЙДІ

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ҚҰРЫЛЫС ӨНІМДЕРІН СЫРТТАН ІЗДЕМЕЙДІ

«Нұр-строй» ЛТД ЖШС Түркістан қалалық филиалы темір бетон бұйымдарын және кірпіш, шлакоблок, құм, тас секілді құрылысқа қажетті өнімдерді нарыққа шығарып отыған қаладағы бірден бір мекеме. Еліміздің барлық аймақтанынан түскен сұраныстарды қанағаттандырып отырған кәсіпорын өндіріс көлемін арттыруға кірісіп, талапқа сай жаңа цеxтарды іске қоспақ ниетте екен. Бүгінде 200-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған кәсіпорында жұмысшылар үшін барлық жағдайлар қарастырылған. Жұмысшылардың орташа айлық жалақылары 80 мың теңге. Тегін түскі ас қарастырылған. Бұл кəсіпорынның Қазақстан бойынша 4 филиалы бар екен. Бүгінде бұл кәсіпорында бетон бұйымдарының 120 түрі шығарылады. – Заводтың жанынан жеке карьерде кірпіш шығарылады. Сондай-ақ, асфальтты-бетонды өнім¬дер, қиыршық тас, шлакаблок, кірпіш, құм және жылына 80 000 дана өнімділікпен СВ-95, 105, 110, 164 темір-бетонды бағаналар өндіріп, құрылыс жұмыстарын атқарамыз. Ғима¬раттарды, үйлерді және автокөлік жол¬да¬рын жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Арматур, электр бағаналарды дайындап, дайын өнімдерді жедел жөнелтіп отырамыз. Мекеменің ықпалымен қаладағы бірқатар мектептер мен балабақшалар біздің өнімді қолданып, іргетасынан бастап шатырына дейін бірлесе жұмыс жүргізілген. Сонымен қатар тұрғын-үйлер мен жаяу жүргіншілерге арналған жол жиегіндегі бетондарды өндіріп, сертификатталған тауарларды таратып отырмыз. Жылдық есеппен алғанда завод бір уақытта 30 дан 40 мың шаршы метр тауарлық бетон өндіреді – дейді, мекеменің коммерциялық директоры – Бақытжан Жаңбырбайұлы.