Кентау көпсалалы колледж жатақханасында жастар мен кітапхана арасында қарым-қатынас орнату, жастарды кітап оқуға баулы, кітапханаға тарту мақсатында «Әр кітап –бір өзінше құпия» жобасы аясында әдеби бәйге ұйымдастырылды. Іс-шараны орталық кітапхананың библиографы Н.Дауенова жүргізді.
Н.Дауенова: «Бүгінде көкірегі ояу, көзі ашық, сауатты, білімді жас кітаптан, рухани қажеттілігінен нәр алады. Кітап ата-аналардың мұрагерлерін рухани байытып, тәуелсіз елімізге тірек болатын тұлға тәрбиелейтін құрал. Жан азығы – тағылымға толы кітаптар»,- дей келе, студен-жастармен «Кітап – алтын қазына» атты әдеби бәйге өтті. Яғни, көркем әдебиет бойынша жастарға сұрақтар қойылып, қанағаттанарлық жауаптар берілді. Іс-шара еркін, ашық түрде өтті. Студент-жастар да кітапханашыларға өздеріні қызықтырған сұрақтарды қойды. Іс-шара барысында «Кітап – алтын қазына» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көпшілікке насихаталды.