Бүгін Түркістан қаласыдағы «Ақжайық» музыкалық мектебі ғимаратында «Елбасы медалі» бағдарламасы аясында күміс және қола медалінің шарттарын аяқтаған облысымыздың 79 оқушысы марапатталды.Мұндағы мақсат жастарды қоғам мен мемлекет өміріне белсенді қатысуға тарту болып табылады. Сонымен қатар, бағдарлама қатысушыларға өз қабілеттерін ашуға, өздерінің даму жоспарларын іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және қалыптастыруға көмектесу.Жоба туралы: 2020 жылдан бастап «El Umiti» атты Елбасының бастамасы шеңберінде 14-29 жас аралығындағы жастарды қоғам мен мемлекет өміріне белсенді қатысуға тарту мақсатында барлық облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №249 қаулысы негізінде бекітілген «14-29 жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидаларын» орындау мақсатында еліміздің ең ауқымды «Елбасы медалі» бағдарламасы басталды. Бұл – жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама.Түркістан облысы бойынша 2020 жылы шілдеден бастап, мыңдаған оқушы «Елбасы медалі» бағдарламасы қатысып, 2021 жылы наурыз, қыркүйек айларында 188 оқушы қола медалінің тапсырмаларын орындап, Қола медалі төс белгілерімен салтанатты түрде марапатталды.Бағдарламаның шарты бойынша қатысушылар 7 түрлі бағытта жұмыс жасайды. Олар:• Спорт және дене шынықтыру. Бұл бағыт салауатты өмір салтын қалыптастыруға, физикалық денсаулықты нығайтуға, ерік-жігерді ұштауға бағытталған.• Дарын мен дағды. Бұл бағыт аясында қатысушылар өзінің сүйікті ісін табуға, жаңа қабілеттерді меңгеруге және өзіне деген сенімділікті арттыруға ықпал етеді.• Еріктілік бағыты жастардың бойында жауапкершілік сезімін, қоғамға деген көзқарасын қалыптастырып, мұқтаж жандарға көмек беруді үйретеді.• Туристік саяхаттар бағыты, ең алдымен, туған жердің тарихы мен табиғатын тануға, сонымен қатар, шынайы жағдайда өзін-өзі сынауға, саяхаттауды қалыптастыруға мүмкіндік береді.• Кітап оқу – жеке тұлғалық ерекшеліктер мен сыни көзқарас, эмоционалды интеллектті дамытатын бірден-бір маңызды бағыт.• Ұлттық мұра – еліміздің тарихын, ділін, дінін, мәдениеті мен өркениетін зерттеуге, танып білуге, білімін жетілдіруге бағытталған.• Еңбек тәжірибесі тек алтын деңгейіне қатысушы жастарға арналған. Бұл бағыт алғашқы еңбек дағдыларын қалыптастырып, тәжірибе алуға мүмкіндік беретін жаңа бағыт.2021-2022 оқу жылында Түркістан облысы бойынша 78 қола және 1 күміс медалі төс белгілерімен салтанатты түрде марапатталды.Созақ ауданынан – 11 оқушыАрыс қаласынан -7 оқушыБәйдібек ауданынан – 1 оқушыЖетісай қаласынан – 3 оқушыКелес ауданынан – 7 оқушыКентау қаласынан – 13 оқушыҚазығұрт ауданынан – 1 оқушыМақтаарал ауданынан – 3 оқушыОрдабасы ауданынан – 6 оқушыОтырар ауданынан – 1 оқушыСарыағаш ауданынан – 2 оқушыТөлеби ауданынан – 1 оқушы Түлкібас ауданынан – 1 оқушыТүркістан қаласынан – 9 оқушыШардара ауданынан – 2 оқушыСайрам ауданынан – 2 оқушыШымкент қаласынан – 1 оқушы марапатталды.«Елбасы медалі» жүлдегерлерін Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқарма басшысының орынбасары Садықова Ардақ МадихановнаТүркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқарма басшысының кеңесшісі Рахима ТоқтархановнаЕлбасы медалі жобасын жүргізуші, Халықаралық Білім-Инновация қорының Түркістан өңірі бойынша координаторы – Саулембеков Амирхан РзахановичТүркістан телеарнасының продюсері Ұлмира Тоқсанбаева.«Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы» директоры Асқарова Эльмира Дулановна марапаттады.
Inicio Басты жаңалықтар «Елбасы медалі» бағдарламасы аясында күміс және қола медалімен оқушылар марапатталды