Кентау қаласында жас көшбасшылар форумы өтті
Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі, Кентау қалалық жастар ресурстық орталығы, М.Қашқари атындағы мектеп-лицейі бірлесіп ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстан-жаңа жастармен» атты тақырыпта мектептердің өзін-өзі басқару ұйымы президенттерінің, фракция мүшелерінің және педагог-ұйымдастырушылардың қатысуымен Тайқазан құйылған, 2000 жылдан астам тарихы бар Кентау қаласының Қарнақ ауылының бастау алған екі күндік жас көшбасшылар форумы Кенді қаланың төрінде Жастар ресурстық орталығында мәресіне жетті.
Екі күн бойы оқушылар бір-бірімен тығыз байланысты арттырып, болашаққа деген нық сенімдерін көрсетті. Түрлі тренинг, топтық жұмыс, семинар, баяндама, саяхат, концерттік бағдарлама ішінде болып, өздеріне керек мәліметті толық ала алды. Бұл форум алдағы уақытта жалғасын таба беретінін оқушылар айқындап берді. Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің тәрбие саласының әдіскері Күзенбаева Нұрипа, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» әдіскері Сейтінбетов Мағжан, Кентау қалалық жастар ресурстық орталығы «Талантты жастарды қолдау» бөлімінің басшысы Бақыт Мыңбай Кентау қаласы әкінің орынбасары А.Байболованың арнайы алғыс хаттарын және Кентау Жастар ресурстық орталығының атынан сертификаттар мен сыйлықтарын табыстады.