Inicio Әлеумет ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРГЕН ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАҒА ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫМДАР ҚАРАЛДЫ

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРГЕН ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАҒА ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫМДАР ҚАРАЛДЫ

Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Рашид Аюповтың төрағалығымен және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Ұзынжастың қатысуымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы тәртібінде қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi ұсынымдар қаралды.

Мәжіліс отырысына басқарма басшылары мен облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі, мемлекеттік-құқықтық бөлімінің және персоналды басқару қызметінің мамандары, сондай-ақ бейнеконференция байланысы арқылы облысқа қарасты қала/аудан әкімдері мен орынбасарлары және аппарат басшылары қатысты.

Жиында Тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Бекзат Жолдасбеков Түркістан облысы бойынша «Түркістан-Сырдария» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бұрынғы бас директорына қатысты ҚР ҚК-нің 361-бабы 1-бөлігімен тіркелген қылмыстық істі баяндап, ол бойынша жолданған ұсынысты таныстырды.

Департамент тарапынан кемшілікке жол берген қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілікке тартылуы ұсынылды.

Сондай-ақ, қызметтік міндеттерін жүзеге асыру кезінде қызметкерлердің жемқорлыққа қарсы тұрақты тәртібін қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды жүргізу, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдар қызметінде жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жұмыстарды күшейту, бағынысты квазимемлекеттік сектор ұйымдарында комплеанс қызметінің толық енгізілуін қамтамасыз ету бойынша бірқатар ұсыныстар білдірілді.

Жиынды қорытындылаған Департамент басшысының орынбасары Бауыржан Даулетиярұлы бүгінгі күні сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға айрықша басымдық берілгендігін жеткізіп, Заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер мен жаңашылдықтарды таныстырды. Сондай-ақ, жыл басынан бері Агенттіктің тәулік бойы тегін қызмет көрсететін 1424 сенім телефонына Түркістан өңірінен шалынған қоңыраулардың нәтижесінде қылмыстық істердің анықталғанын мәлімдеді.

Мәжіліс соңында сот үкімі шыққан сотталушылар бойынша әзірленген бейнеролик қатысушылар назарына ұсынылып, пара алу, пара беру, делдалдық ету сынды құқықбұзушылықтардың соңы жазаға әкеліп соқтыратыны баса атап өтілді.