Енді көп ұзамай Түркістанның көшелерінде еркін жүретін боласыз. Орталықтағы күре жолдар кеңейтіліп, аяқжолдар мен веложолдар салынуда. Жаяу жүргіншілер де батпаққа малынып, әбігерге түспейтін болды.
- Түркістанда жалпы ұзындығы 845 шақырымдық 875 көше бар
- Жөндеу және абаттандыру жұмыстары 62 көшеге жүргізіледі
- Жолдарды жөндеуге 8160,6 млн теңге қаралды
- 2018 жылдың қарашасында Шекті-Тілеу Жібек жолы, Майкотов көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары басталды
- 2 жолақты Б.Саттарханов даңғылы 3 жолақты жолға кеңейтіліп, веложол, аяқжол салынады
-Қазірде қиыршық тас және асфальт жабындысы төселуде - Шәуілдір тас жолы 2 жолақтыдан 4 жолақты жолға кеңейтіліп, аяқ жол, тасарықтар салынуда
- 62 көшеде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 4,8 млрд теңге бөлінді
- Жалпы қаладағы орташа жөндеу жұмыстарын 31-тамызда аяқтау жоспарлануда