Inicio Әлеумет ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

Түлкібас ауданына қарасты Жабағылы ауылы тұрғындарының көтеріп жүрген бірден-бір мәселесі ауылдың орталықтандырылған кәріздік жүйесін жаңарту болатын. Бүгінгі таңда елді мекен тұрғындарының өтініші назардан тыс қалмай іске асуда. Яғни, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020-2021 жылдарға арналған бағдараламасы» шеңберінде тозығы жеткен кәріздік жүйесінің 4,3 шақырымы толығымен жаңартылып, құдықтары ауысуда. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары 40 пайызға жуықтап отыр. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы туралы бастама көтеріп, оның барлық азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді әрекет етуге бағытталуы тиіс екенін атап өткен болатын. Осыған орай Түлкібас ауданында тұрғындар тарапынан көтерілген әр-бір мәселе назардан тыс қалмай, маңыздылығына қарай кезең-кезенімен шешімін тауып отыр.