Соңғы аптада елімізде коронавирустық инфекцияны жұқтырғандар қатары артып, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары «Қызыл» аймаққа өткен. Ал, Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстары «Сары» аймақта.Осы орайда, еліміздегі эпидемиологиялық жағдайдың күрделілігін ескере отырып күре жолдың бойында орналасқан ауданымызда жаман індеттің таралуын алдын алу мақсатында аудан әкімдігі жанынан құралған жұмысшы топтың отырысы өтті.Аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаевтың төрағалығымен өткен жиынға аудандық аурухананың бас дәрігері Б.Тұрлыбеков, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры М.Байғарашев, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Н.Тултаев, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы А.Абдуалиев, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Н.Мұздыбаев және дербес бөлім басшылары қатысты.Күн тәртібінде басты мәселе тұрғындармен профилактикалық жұмыстарды күшейту сынды мәселелер және ескертулерден кейінгі карантин талаптарын қайта бұзған кәсіпкерлерге қатаң шара қолдану қажеттілігі айтылып, қоғамдық қауіпсіздік басты назарға алынды.
Inicio Әлеумет ТҮРКІСТАН: СOVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСШЫ ТОПТЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ