Inicio Әлеумет ТҮРКІСТАН: «ӘР ОТБАСЫДАН БІР АҒАШ» АКЦИЯСЫ САЙРАМДА ЖАЛҒАСТЫ

ТҮРКІСТАН: «ӘР ОТБАСЫДАН БІР АҒАШ» АКЦИЯСЫ САЙРАМДА ЖАЛҒАСТЫ

15 наурыз –Табиғат күніне орай, Сайрам ауданында «Әр отбасыдан бір ағаш» акциясы бастау алды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында «Наурыз» мейрамын тойлау тұжырымдамасын әзірлеп, көктем мерекесінің мазмұнын байытуды тапсырды. «Наурыз» мейрамының негізгі мақсаты – Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының идеялық құндылықтарын іске асыру мән мәтінінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын атап өтудің мәні жоғары. Наурыз – үйлесімнің, береке мен бірліктің мейрамы. Бұл ұлттық бірегейлікті сақтау, прагматизмді қалыптастыру, сананың ашықтығын арттыру тұрғысынан маңызды мейрам», – делінген тұжырымдамада.Биыл елімізде Мемлекет басшысының тұжырымдамасына сәйкес, «Наурыз» мерекесі 14-23 аралығында, яғни 10 күн тойланады. 15 наурыз күнгі мереке бұл – «Табиғат» күні деп аталады. Ауданда «Табиғат» күніне байланысты 12 наурыз күні орталық саябақта жалпы халықтық сенбілік, барлық мектептерде көшет егу жұмыстары және аудан тұрғындарының қатысуымен «Әр отбасыдан бір ағаш» акциясы бастау алды. Жалпы акцияға мектеп оқушылары, аудан тұрғындары өз үлестерін қосуда.Бұл күні айнала табиғатпен біте қайнасып өмір сүру көшпелі қазақ дүниетанымының бір бөлігін құраған. Сол себепті ұлық мерекеде жаратылысты аялау мақсатында табиғат аясында бір күн өткізу маңызды. Бұл өскелең ұрпақтың экологиялық, зияткерлік санасын дамытуға септігін тигізеді және денсаулығын жақсартады. Адамдар табиғат аясында серуен құрып қана қоймай, сонымен қатар ондағы қоқысты тазартып, тал егіп, көшет отырғызады.