Түркістан облысы Полиция департаменті ЕҚҚІБ-ның қызметкерлері «26-маусым
Халықаралық есірткі бизнесі және нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орай айлық
іс-шара өткізуде. Оның барысында облыс көлемінде жастар арасында бірқатар
профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ, Түркістан облысы
Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жастардың
қатыстырылуымен флешмоб өткізіп, оған 450-ге жуық
жастар қатысты. Бір айға жалғасқан іс-шара аясында Түркістан қаласындағы
«Мегацентр», «Есімхан алаңы», «Қайрат спорт кешені», «Арбат» аймақтарында
жастардың белсенділігімен би топтамасы орындалды. Жастар арасындағы салауатты
өмір салтын сақтауға бағытталған іс-шара қатысушыларға ерекше көңіл-күй
сыйлады.
Сондықтан, би мен спортқа құмар жасөспірімдер
ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.Ал, ұйымдастырушы тәртіп сақшылары
алдағы уақытта мұндай шаралар тұрақты түрде өткізіліп отыратынын жеткізеді.
Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз
айналымға шығуына қарсы күрес күні – қазіргі уақытта қоғамның есірткі
мәселесіне баса назар аударғанын көрсетіп отыр. Нашақорлық – бүкіл
қоғамымыздағы азаматтарға ортақ мәселе. Сондықтан, оған қарсы баршамыз болып
жұмылсақ қана айналамыздағы адамдарды, оның зиянынан сақтап қаламыз!
Inicio Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ МЕН ЖАСТАРЫ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗУДЕ