Inicio Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1,6 МИЛЛИОННАН АСТАМ АДАМ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРЫЛҒАН

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1,6 МИЛЛИОННАН АСТАМ АДАМ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРЫЛҒАН

Бүгінде Түркістан облысының 1,6 миллионнан астам тұрғыны медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу құқығына ие. Жалпы медициналық ұйымдарға 2 055 816 тұрғын тіркелген. Ал, жүйеде сақтандырылмаған тұрғындар саны – 400 мыңнан асқан. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиал директоры Нұрлан Қыдырбаевтың айтуынша, МӘМС жүйесіне халықтың әлі де болса толықтай қамтылмауы өзекті мәселе.

-Жарнаны тұрақты төлемейтіндер, жеңілдік санаттан шығып қалғандар және әлі күнге дейін жүйеге қатысу мәртебесі беймәлім адамдар да кездеседі. Қазіргі таңда облыста әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында өңірлік штаб құрылып, тұрақты ұйымдастыру шаралары қолға алынып жатыр. Аталған іс-шаралар нәтижесінде халықтың МӘМС жүйесіне толығымен қамтылуына ықпал етуге болады. Жалпы, МӘМС жүйесі – халықтың қымбат медициналық тексерулерді, ем-дом мен отаның көптеген түрлерін қажетінше пайдаланып келе жатқанын көрсетіп берді. Қор филиалы Түркістан облысының тұрғындарына сақтандыру пакеті шеңберінде көрсетілген қызметтерге 100,6 млрд теңге қаржы төлеген. Шығынның басым бөлігі, яғни 29,7 млрд теңге – стационарлық медициналық көмекке, 3,1 млрд теңге – күндізгі стационарлар көрсеткен қызметтерге төленген. Консультативтік-диагностикалық қызметтерге – 34,4 млрд теңге жұмсалған. Әсіресе, компьютерлік томография мен магнитті-резонанстық томографияға деген сұраныс жоғары. Емделушілер тарапынан үлкен сұранысқа ие қызметтің бірі – медициналық оңалту, оған 6,8 млрд теңге бағытталған,- деді Нұрлан Қыдырбаев.

Щ