Inicio Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА КЕЛГЕН АГЕНТТІК ТӨРАҒАСЫ ЕМХАНАДАҒЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНА ОҢ БАҒА БЕРДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА КЕЛГЕН АГЕНТТІК ТӨРАҒАСЫ ЕМХАНАДАҒЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНА ОҢ БАҒА БЕРДІ

Облыс орталығында жұмыс сапарымен жүрген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев бүгін Түркістан қалалық емханасының жаңа технологияларымен танысты.

Алик Жатқамбайұлы озық үлгіде салынған қалалық емхананың ішін аралап, заманауи үлгідегі жабдықтары мен цифрландыру жұмысына куә болды.
Бұл емханада цифролизацияның алдыңғы қатардағы жаңартулары, яғни инфокиоск, куаркод, онлайн хабарлау, колл центр, тікелей Кмис-ке қосылған терминал, автодозвон, ПУШ және науқастарға СМС – хабарлама жеткізу ісі мен тіркеу орындары қысқа мерзімде оң өзгерістер мен жаңартулармен толықтырылған.
Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаев емхана қызметін Елордадағы медицина мекемелерімен салыстыра отырып, жоғары бағасын берді. 
Бұл емханада «Түркістан – Адалдық алаңы», «Өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы», «Адалдық дүкені» ашылған және емделушілердің бүлдіршіндері үшін арнайы ойын алаңы бар. 
Сондай – ақ, емдеу мекемесінде мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қолдау көрсетілуде, яғни триаж жүйесі ашылған.
Бүгінде қалалық емхана қала тұрғындарының денсаулығын сауықтыруда 1300 қызметкер сапалы қызмет көрсетуде. 
Түркістан қаласының облыс орталығына айналуы ақ халаттылардың жауапкершілігін еселей түсіп, талай жанның ауруынан айығып кетуіне мүмкіндік сыйлауда.