Inicio Әлеумет ТҮРКІСТАН: ҰЛТТЫҚ ЖОБА МОЛ МҮМКІНДІКТЕРГЕ БАСТАЙДЫ

ТҮРКІСТАН: ҰЛТТЫҚ ЖОБА МОЛ МҮМКІНДІКТЕРГЕ БАСТАЙДЫ

Түркістан өңірінде тұрғындардың әл-ауқатын көтеру бағытында жүзеге асып жатқан жобалар жемісті екені жасырын емес. Айталық, Сайрам ауданында жаңа жылыжай іске қосылған болатын. «Zaure group» ЖШС-нің жылыжайы Ақсу ауылындағы 6 гектар жерге орналасқан.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аталған кешенге арнайы барып, жұмысымен танысты. Ауыл шаруашылығын дамыту, осындай жаңа жобаларды көбейту маңызды екеніне тоқталды. Жауапты басқарма мен аудан әкімі басшылығына жаңа жылыжайлар ашу бағытындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды.
Жылыжайда жылына 3500 тонна көкөніс өндіріледі. 55 адам жұмыспен қамтылған. Инфрақұрылым, су, электр мәселесі шешілген.

– Ең алдымен, егіс алдында топы­­­­рақ­­ты ылғалдандырып, қажетті минерал­дармен өңдеп алу керек. Содан кейін топырақты жал тәрізді етіп жинап, бетін үлбірмен жауып қою маңызды. Топырақ құрғаған кезде үнемі ылғалдандырып отыру шарт. Бұл топырақ қыртысының пайда болуына өз септігін тигізеді. Ал топырақ бетін жапқан үлбір қараші­­­ріндіні қыздырып, көшеттің жақсы жеміс беруіне қолайлы жағдай туғызады. Ең маңыздысы, дайын­далған жер үнемі тамшылап суару техно­логиясымен жаб­дықталуы керек. Бірнеше жылдан бері құлпынай өсіріп келемін. Әрине, қызанақ пен қиярға қарағанда құлпынайдан келер пайда көп. Біріншіден, бұл жеміс қымбат, екіншіден, жылына 2-3 рет өнім аласың. Үшіншіден, жыл сайын өзге дақылдар құсап көшет ауыстырмайсың. Тек мұны баптау аздап қиынырақ. Арнайы бапталған топырақ пен жылуы бірқалыпты орынжай қажет. Сосын күн сәулесі үнемі түсіп тұруы шарт. Көрші елдерде құлпынай шаруашылықтары өте көп. Мен сол жақтағы достарымнан барып үйреніп, көріп жүрмін, – дейді сайрамдық құлпынай өсіруші кәсіпкер.

Қазақстанның оңтүстік аймақ­­тарында өсіруге аса қолайлы болып ке­лет­ін құл­­пынайға мемлекеттен беріле­тін көмек жоқ емес, бар. Бірақ мемлекет кез келген құл­пынай өсірушіге емес, нақты техно­ло­гияларды пайдаланып, таза өнім өсі­ру­шілерге қолдау көрсетеді. Дүние­жүзілік құлпынай өсірушілер одағының та­­лаптарына сай, арнайы технологиямен ғылыми негізге сүйене отырып жеміс өсі­ретін болсаңыз және мұныңызды дә­лелдей алсаңыз, жемісін жер жаһанға са­тып, шалқып отыра беруіңізге болады.

Соңғы жылдары облыста жылыжай шаруашылығына қызығушылық артып келеді. Кәсіпкерлердің бұл салаға қызығуына тағы бір себеп – мемлекеттің қолдауы. Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіптік жылыжай шығынының 25%-ы мемлекет тарапынан төленеді. Одан бөлек, төмен пайызды несиелеу бағдарламасы да кәсіпкерлерге қолдау болып отыр. Сондай-ақ, өсімдік шаруашылығын субсидиялау бағдарламасы шеңберінде сатып алынған тұқымдар мен тыңайтқыштарға жұмсалған шығынның 50%-ына дейінгісін мемлекет тарапынан өтеу қарастырылған. Құлпынай табысты бизнес құру үшін жидектердің көбеюінің барлық бөлшектерін ойластырып, өсіру әдісі мен орнын анықтау керек:

Ашық далада құлпынай өсіру елде бай өнім алуға болады, бірақ оның сатылымы өте қиын болады. Бұл мәселеде басты рөлді маусымдық фактор мен осы кезеңде үлкен бәсекелестік атқарады. Сондай-ақ, ауа райы туралы ұмытып кетпеуіміз керек, ол қолайсыз нәтижелермен бірге жидек плантацияларының көбін жойып жіберуі мүмкін. Ал жылыжай әдісі — ең тиімді өйткені оны пайдалану кезінде тек жаздың аяғында ғана емес, жаздың басында ғана емес, сонымен қатар басқа маусымдарда піскен жемістерді жинауға болады. Сорттардың дұрыс таңдалған жиынтығы үздіксіз өсімдік алуға және, тиісінше, жыл бойы пайда алуға мүмкіндік береді.

Жылыжайда өсірілген жидектер табиғи факторлардың әсерінен қорғалады. Білгеніміздей, өсірілген жеміс көшеті өз жемісін беріп аяқтаған шақта жапырақ түбінен басқа көшет көктеп шығатыны заң­дылық. Сарапшылардың айтуынша, бұл көшеттерден өнім алу дұрыс емес. Себебі одан кейінгі уақыттарда құлпынай сапасы күрт төмендеп, көлемі де кіші­­­рейіп, пішінінде басқаша рең пайда болады. Тұтынушылардың талабы мен өсірушілердің білместігінен мұндай құл­пынайлар біздің базарларда тез саты­лып кете барады. Ал нағыз құлпынайдың еш­бір міні жоқ болуы керек. Біздің құлпы­най деп жүргеніміз жабайы бүлдіргеннің бір түрі десек те болады. Заман өзгеріп, табиғаттың тоза бас­таған шағында технологияның жетісті­гі­не сүйену – басты талап. Экологиялық апат­тардың салдарынан бір кездері дала­да жай­қалған жабайы бүлдірген сиреп кет­келі қашан?

Түркістан – жылыжай шаруашылығын дамытуда еліміздегі ең ірі өңір. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен осы саланы дамытуға қолдау көрсетілуде. Жылыжай шаруашылығымен айналысатын азаматтармен кенздесулер өткізіліп, мәселелері тыңдалып, жүйелі шешімдер қабылданды. Жылыжай шаруашылықтарын қолдау бойынша облыстық бюджеттен 565 млн. теңгеге 100-ден астам шаруаға субсидия төленді. Облыста 1 640 гектарды құрайтын 3 366 бірлік жылыжай бар. Оның ішінде 87,2 гектары – өнеркәсіптік жылыжай. Биыл жылыжайларда 681,5 гектарға қияр, 792,8 гектарға қызанақ, 154,6 гектарға басқа дақылдар (болгар бұрышы, қырыққабат, құлпынай т.б.) және 4,4 гектарға көшет, 3,6 гектарға лимон, 3,1 гектарға гүл егілді. Жылыжай шаруашылықтарынан 140,0 мың тонна өнім жиналды. Құлпынай егілетін жылыжай берік болуы тиіс. Яғни онда температуралық режим жыл бойы бірқалыпты деңгейде сақталып тұруы керек. Сондықтан жылыжайға автоматты жылыту жүйесін орнатқан жөн. Ондағы температура 20-25 градустан аспауы қажет. Ауа ылғалдылығы да өсімдіктің вегетациялық кезеңіне байланысты өзгеріп отырады. Мәселен, тұқым еккенде 80-85, тамырынан енді өсіп шыққан кезде 75, гүлдегенде 70 пайызды құрауы тиіс. Қыс мезгілінде өсірілген құлпынайға тәулігіне 14-17 сағат күн түсіп тұрса, өнімділігі жоғары болады. Өйткені күн сәулесі фотосинтез процесін қарқындатып, жидектің жылдам өсуі мен тез жетілуіне оң әсерін тигізеді. Егер ауа райы бұлыңғыр болса, қолдан жарықтандырып, өсімдікке түсетін жарық сәулені үзбеген жөн. Есеп бойынша 1 шаршы метрге 1 шам орнатылады және ол көшеттен 1 метр биікте орналасады. Жылыжайда құлпынай тұрақты түрде суарылып отырады. Су шығынын үнемдеу үшін тамшылатып суару жүйесі қолданылады. Бұл әдістің тиімділігі сол, өсімдік уақытылы суарылады әрі тіршілік нәрі әрбір көшеттің тамырына дейін барады. Жылыжайда құлпынай жыл бойы өсіріледі. Дегенмен қаңтар, ақпан айларында жерді демалдырып, топырақты құнарландырып алған абзал. Бүгінде ішкі нарықта жергілікті тауар өндірушілер тұтынушыларды отандық өніммен толық қамтамасыз ете алмай отырғаны шындық. Тек күзгі жиын-терім науқанында сәл де болса құлпынайға деген сұраныс азаюы мүмкін. Басқа кезде сауда нүктелерінде шетелдік өнімдер самсап тұрады. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін ауыл шаруашылығы саласының мамандары қосалқы шаруашылықты дамытып, адамдарды жаппай диқаншылықпен айналысуға шақырады. Егер есігінің алдында 5-6 сотық жері бар қала тұрғындары әртүрлі дақылдар егіп, жақсы өнім алып жатса, бұл біріншіден, өзін және отбасын табиғи әрі экологиялық таза өнімдермен қамтамасыз еткені, екіншіден, бәрі өзінен болып тұрған соң баға тұрақсыздығы, инфляция дейтіндер қалтасына, отбасылық бюджетіне оншалықты әсер ете қоймайды. Сонымен қатар жылыжай шаруашылығы Мақтаарал ауданындағы Әл-Фараби елді мекенінде де қолға алынған. Кешен «Абдужалил» ЖК деп аталады. Осы орайда облыс әкімі шаруалармен кездесіп, «Ауыл аманаты» пилоттық жобасының мүмкіндіктері жайында кеңінен тоқталды.
– Бұл жобаның басты мақсаты – ауыл халқының табысын арттыру, жұмыссыздар санын азайту. Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл облыста «Ауыл аманаты» жобасы аясында 6 бағытта жұмыс жүріп жатыр. Жоба шеңберінде 3 220 жоба қаржыландырылып, 3 500-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Іс бастаймын, кәсібімді кеңейтемін деген азаматтарға әрқашан қолдау болады, – деді облыс әкімі.
Аталған жылыжай кешенінде лимон, қызанақ пен қияр және болгар бұрышы өсіріледі. 1998 жылы құрылған кешеннің аумағы – 9 гектар. Шаруа жер көлемін кеңейтіп, басқа да көкөністерді өсіруді қолға алуды көздеп отырғанын жеткізді.
Айта кетейік, «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру мақсатында бюджеттен 19,8 млрд. теңге бөлініп, 100 пайызға игерілді. Пилоттық жобаға 16 ауданнан 64 ауылдық округ енгізіліп, 75 жаңа кооператив ұйымдастырылды. Нәтижесінде, 3220 жоба қаржыландырылып, 3 413 жаңа жұмыс орны ашылады. Осы жобалар есебінен қосымша 30 млрд. теңгеге өнім өндіріледі. Келер жылға бағдарламаға 13,2 млрд. теңге бөлінбек.