Inicio Әлеумет ТҮРКІСТАН: ӘКІМ ОРЫНБАСАРЫ МАҚТААРАЛДА БОЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘКІМ ОРЫНБАСАРЫ МАҚТААРАЛДА БОЛДЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев мақталы Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар кәсіпкерлік нысандарды аралады.

Ең алдымен Мейіржан Иябайұлы Атакент кентінде жаңадан ашылған «Адила» жеке кәсіпкерлігінің типография орталығының жұмыс барысымен танысты. Нысанның басшысы Майра Төртай мемлекеттік қолдау бағдарламасы аясында 3 айлық курстан өтіп, 505 мың теңге грант жеңіп алған. Сондай-ақ, 4,5 миллион теңге көлемінде несие алып, типографияға қажетті заманауи құрал-жабдықтарды сатып алған. Нәтижесінде жаңадан құрылған кәсіпорында 5 адам жұмыс орнымен қамтылып отыр.

Кездесу барысында бизнесті бастауға қолдау көрсетіп, сүйемелдегені үшін типография орталығының басшысы Майра Қожамұратқызы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры Нұргүл Әбдіразақоваға алғысын білдірді.

Мұнан соң облыс әкімінің орынбасары Жамбыл ауылдық округі, Жалын елді мекенінде орналасқан жеке кәсіпкер Тістібай Срайловтың мал бордақылау алаңына барды. Мемлекеттің қолдауының арқасында Т.Сырайлов «Аграрлық несие корпарациясы» акционерлік қоғамынан «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 29,4 миллион теңге несие алып, 147 басқа арналған мал бордақылау алаңын ашты. Нәтижесінде 3 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтыған. Бұл жобаның жүзеге асуына да «Атамекен» ҰКП-ның аудандық филиалы маңызды рөл атқарған.

Жалпы, Мақтаарал ауданында 150-ге жуық мал бордақылау алаңдары жұмыс жасап жатыр. Т.Срайловтың мал бордақылау алаңынан бөлек, «Қарапайым заттар экономикасы» бағыты бойынша жеке кәсіпкер У.Айтөреев те 12 миллион теңге несиеге 50 басқа арналған мал бордақылау алаңын ашып, 2 адамға тұрақты жұмыс тауып берген.

Жұмыс сапарының барысында М.Мырзалиев аудан әкімі Бақыт Асановтың қорытынды есебіне қатысып, әрі қарай «Қамқорлық» бағдарламасы аясында Мырзакент кентінде тұратын Жайсанбаевтар отбасында қонақ болды.

Отағасы Тұрғанбек Жайсанбаев пен Ажаргүл Жайсанбаеваның 6 бала-шағасы бар. Отағасы жұмыссыз, ал отанасы жалдамалы жұмыста істейді. Тұрғын үйге, тіпті киім-кешек пен азық-түлікке де мұқтаждықтары бар. Отбасының жағдайы қын екендігіне толық кәміл болған Мейіржан Иябайұлы аталған отбасыны кедейшіліктен құтқару үшін аудан әкімі Бақыт Насырханұлына тиісті тапсырмаларды берді.