Inicio Әлеумет ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ ҚЫЗАНАҚ ПІСІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ ҚЫЗАНАҚ ПІСІП ЖАТЫР

Түркістан облысының диқандары алғашқы өнімін жинауға дайындалуда. Келес ауданына қарасты Қошқарата ауылдық округі аумағында орналасқан «Кенжебай ата» шаруа қожалығы 1 гектар жерге қызанақ еккен. Егіннің алды пісіп, жетілуде. Жалпы, егістік алқапта 25 мың түп қызанақ отырғызылды. Егінді күтіп баптауға 10-нан астам адам еңбектенуде. Шаруашылық жұмысшыларының айтуынша, өнімнің толық пісіп жетілу уақыты сәуір айының орталарына сәйкес келеді. Ал, піскен өнімді аудан базарлары мен еліміздің басқа да қалаларына жөнелту жоспарлануда. Шаруалар әр түптен 10 кг дейін өнім жинамақ. Жоғары сұрыпты қызанақ өнімді мол береді. Әрі төзімді. Диқандар әр гектардан кемінде 60 тонна өнім жинауды көздеуде. Оған қоса, шаруа қожалықтың құрамында мал бордақылау алаңы жұмыс істейді. Мұнда «Ангус», «Ақбас» тұқымды 100-ге жуық ірі қара мал бордақыланып жатыр. Былтыр мал шаруашылығын бастаған шаруақожалық алғашқы лекпен 54 дана асылтұқымды малдарды солтүстіктен алдырған. Бүгінде мал басын көбейтіп, ішкі нарыққа ет өндіріп, мол пайдаға кенеліп отыр. Қожалық иесі алдағы уақытта кәсіп ауқымын кеңейтіп, өз өнімін елдегі барлық сауда орындарына шығаруды көздеп отыр. Қазіргі таңда, мұнда 2 адам жұмыс істейді.