Inicio Әлеумет ТҮРКІСТАН: ДӘРІ БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ ІСІ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

ТҮРКІСТАН: ДӘРІ БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ ІСІ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

Бүгінде елiмiздегі covid19 коронавирус панедемиясын жұқтырушылар мен пневмания (қос өкпенің қабынуы) дертiне шалдығушылардың саны күннен-күнге артып, эпидемиологиялық ахуал күрделеніп отырғаны жасырын емес. Осы мәселеге орай, кешегi аптада облыс аумағында 19 шiлдеге дейiн күшейтiлген карантиндік режим енгiзiліп, жергiлiктi атқарушы органдар тарапынан қатаң бақылауға алынып отыр.
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында аудан дәріханаларындағы дәрі-дәрмек бағасын шектік бағадан көтеру, әдейі тапшылық жағдайларын туындату мәселелерін болдырмау, алдын алу, дәріхана иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында “Мақтаарал Адалдық Алаңы” жобалық кеңсесінің басшылығымен арнайы мониторинг топ рейдтік шарасын ұйымдастырды.
Құрамына санитарлық қызмет мамандарын біріктірген топ жұмысын Мырзакент кентінің дәріханаларынан бастады. Әр дәріханаға жеке-жеке кіріп дәрілердің сатылу бағасымен, егу бөлмелерінің санитарлық тазалығымен танысып, жұмыс жүргізуге берілген рұқсат қағаздарына көз жүгіртті. Әрбір тауарға берілетін фискальды-чек, арақашықтықты сақтау, маскалық тәртіп, залалсыздандыруға арналған антисептик құралдарының болуы басты назарға алынып, жіберілген кейбір кемшіліктер бойынша дәріхана иелеріне ескертулер берілді.
Мұнан да басқа топ мүшелері дәріханаларда емделушілерге бірінші кезекте қажетті, көп сұраныс түсіп жатқан дәрілердің тізімін жасап, тиісті органдарға жіберетін болады.