Бүгін Түркістан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының ұйымдастыруымен және «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі менеджерлерінің қатысуымен «Жолда қабылдау» акциясы өткізілді.
Аталған акцияның негізгі мақсаты – көктемгі мезгілде артылған жүгі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының республиканың жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында жүруіне уақытша шектеулер енгізілетініне байланысты жүк тасымалдаушыларға түсініктеме жұмыстарын жүргізу.
Түсіндіру жұмыстары барысында ауыр жүк көліктерін жүргізетін көлік жүргізушілеріне «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі тарапынан «Сапалы жол – адалдық алаңы» жобасы кең көлемде түсіндіріліп, жолдың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – айрықша маңызға ие екені жеткізілді.
Алдағы уақытта жобалық кеңсе мен инспекция тарапынан көлік саласындағы заңнама талаптарын бұзуды болдырмауға бағытталған жұмыстар тұрақты түрде ұйымдастырылып тұратын болады.