Inicio Әлеумет ТҮРКІСТАН: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ӨНІМІ АРТУДА

ТҮРКІСТАН: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ӨНІМІ АРТУДА

Облыс экономикасының маңызды саласының бірі ауыл шаруашылығында өнім көлемі 1 трлн. теңгеден асып, республикада көш бастады. Жыл басынан салаға 88,5 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беру барысында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлім етті.

– Биыл біз ауыл шаруашылығындағы негізгі өзекті мәселелерге назар аударып, оны жүйелі түрде шешу жолдарын қарастырдық. Біріншіден, жылыжай шаруашылықтарын қолдаудың жаңа тетіктері жасалып, жылыту шығындарын субсидиялау ережесі бекітілді. Биылғы жылға бұл мақсатта 500 млн. теңге бөлінді. Сондай-ақ жылыжайларды бір орталықтан қатты отынмен қамтамасыз ету үшін арнайы кооператив құрылып, көмір өндірушілерден тікелей тасымалдау келісілді. Екіншіден, мақта шаруашылықтарын дамыту мақсатында «Global Textile Solution», «TST JETISAY TEXTILE», «Cotton Мақта» және «Tulpar Textile» жобалары жүзеге асырылуда. Нәтижесінде мақта бағасына экспорттық тәуелділікті жоятын боламыз. Сондай-ақ мақта дақылын рентабельділігі жоғары дәндік жүгері дақылдармен алмастыру мақсатында «Жылына 150 мың тонна жүгері дәнін терең өңдеу зауыты» жобасы жүзеге асырылуда. Үшіншіден, су шаруашылығын дамыту үшін «Тұран су» мемлекеттік кәсіпорынның жұмысын жүйелендіру есебінен, каналдарды қалпына келтіру және төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарын мерзімінде атқаруға қол жеткіздік. Нәтижесінде бюджет қаржысы 28 пайызға үнемделіп, экономикалық тиімділігі 1,5 –-2 есе жоғары болды, – деді Дархан Сатыбалды.

Егістікті әртараптандыру нәтижесінде көкөніс, бақша өнімдерінен рекордтық 3,3 млн тонна жиналды. Нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында биыл құны 16,7 млрд.тг құрайтын 25 жобаны іске асыру көзделсе, соның құны 14,1 млрд.тг болатын нақты 22 жоба қосылды. Нәтижесінде 396 жұмыс орны ашылды.

Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді.

Қазақ жерінде б.з.б. 2-мыңжылдықтан бастап адамдар қолда мал өсіре бастады. Оларды көбейту үшін жайылымдар іздеп, көшіп қонатын болды. Олар көбінесе жылқы, түйе, қой және ешкі өсірді. Малдарының жағдайына байланысты көшіп жүретіндіктен сиырды өте аз ұстады. Сол кезден бастап адамдар егін салумен де айналысқан. Оған дәлел — қыш құмыраларда сақталған арпаның, бидайдың, тарының дәндері. Егін егу мал өсіруге қарағанда баяу дамыды. Себебі тастан, ағаштан жасалған құралдар қатты жерлерді өңдеуге жарамады. Олармен тек өзен, көл жағасындағы жерледі өңдеді. 16-17 ғасырлардан бастап Қазақстан жерінде егіншілік дами бастады. 1694 жылы Тәуке ханның Түркістан сарайында болған Ресей елшісі В.Кобяков жергілікті тұрғындардың бидайды, арпаны, тарыны өте көп мөлшерде егетін және бидайдың жаздық, күздік түрлерін өсіретінін жазған. Шығыс Қазақстан және Жетісу тұрғындары егін шаруашылығын мал шаруашылығымен және балық аулау кәсібімен қатар жүргізді. Бұл жерлерде егін суару үшін қолдан арық қазылды. Шу, Талас өзендерінің бойына бау-бақша егілді. Орталық Қазақстанда егіншілікке жақсы жетілген суару жүйесін пайдаланды. Негізгі салалары — егіншілік пен мал шаруашылығы. Олардың құрамына а.ш. дақылдарының, малдың түрі, топтары т.б. бойынша бөлінетін қосалқы салалар енеді. Қазақстанда ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы ежелден негізгі өндіріс саласы болып келді. Ол халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, тоң май т.б.), жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен қамтамасыз етеді. Күш көлігі де (ат, өгіз, түйе т.б.) егіске керекті тыңайтқыш та (көң, қорда т.б.) осы мал шаруашылығынан алынады. 20 ғасырдың 90-жылдарына дейін Қазақстан ауыл шаруашылығы құрылымының негізін Кеңестік шаруашылықтар (кеңшар) мен ұжымдық шаруашылықтар (ұжымшар) құрады. 1990 жылдан бастап республиканың агроөнеркәсіп кешенінде кең ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер болды.

Ауыл шаруашылығы — шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы — неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді. Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1,3 млрд-тан астам адам еңбек етеді, оған ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткіш 2,6 млрд адамға жетеді. Еңбекке жарамды ер адамдардың ауыл шаруашылығындағы үлесіне сәйкес елдер индустриялы, постиндустриялы және аграрлы болып жіктеледі. Дүниежүзінде экономикалық белсенді халықтың (ЭБХ) 46%-ы осы салада еңбек етеді.

Қазір Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жеке меншік иелері мен жер иеленушілердің қарамағындағы 149,1 млн. га жер бар. Оның 25,7 млн. га-сы егістік, 3,6 млн. га-сы шабындық, 103,5 млн. га-сы жайылым (1998). Мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру және ұжымшарлар жүйесін қайта жаңғырту оң нәтиже берді. Жерге байланысты құқықтық қарым-қатынас жүйесі өзгерді, баға, несие, қаржы саясаты реформаланды, басқару механизмі жеңілдетілді. 1997 жылы Қазақстанда жалпы саны 72335 ауыл шаруашылығы құрылымдары жұмыс істеді. Оның 1847-сі шаруашылық серіктестіктері, 601-і акционерлік қоғамдар, 3714-і өндірістік кооперативтер, 65 мыңнан астамы шаруа қожалықтары, 192-сі мемлекеттік кәсіпорындар. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру меншік нысанын ғана өзгеріске ұшыратып қойған жоқ, сонымен бірге оларды жедел дамытуға, өндірісті қайта құруға, тауарлы өнім өндіруді арттыруға мүмкіндіктер тудырды. Ауыл шаруашылығы салалары бойынша жалпы өнім құны 305, 4 млрд. теңгеге жетті (1997). Оның 41,5%-і мал шаруашылығы үлесіне тиеді. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 1997 жылы 21843,7 мың га, оның ішінде дәнді дақылдар 15651,5 мың га болды. Бидай 11512,2 мың га, күріш 85, 2 мың га, жүгері 69 мың га, қант қызылшасы 13,6 мың га, мақта 103,6 мың га, күнбағыс 223,9 мың га, картоп 176,3 мың га, көкөніс 87,1 мың га, мал-азық дақылдары 5445,6 мың га жерге егілді. Дәнді дақылдарының жалпы түсімі — 12,4 млн. т құрады. Оның ішінде бидай 8955 мың т, күріш 255,0 мың т, жүгері ұны 111,2 мың т, қант қызылшасы 139 мың т, мақта 198 мың т, күнбағыс 66 мың т, картоп 1472 мың т, көкөніс 880 мың т. болды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының әр га-дан түсетін өнімділігі: дәнді дақылдардан 8,7 ц, күріштен 30,8 ц, қант қызылшасынан 126,5 ц, мақтадан 19,3 ц, күнбағыстан 3,5 ц, картоптан 84,1 ц, көкөністен 100,6 ц болды. 1997 жылдың аяғында ірі қара малдың саны 4405,7 мың (оның ішінде сиыр 2181,8 мың), қой мен ешкі 10896,6 мың, шошқа 881,5 мың, жылқы 1101,1 мың, құс 15858,2 мың болды. Ет 1302,1 мың т., сиыр сүті 3220,4 мың т, жүн 32,4 мың т мөлшерінде өндірілді.

Салада жаңа технология кеңінен қолдануда. Қарқынды бау көлемі биыл 5 405 гектарға жеткізілді. Нәтижесінде, өнімділік 5 есеге артып отыр. Бұрын 60-70 центнер болса, қазір 300-350 центнерге дейін өнім жиналуда.

Су үнемдеу технологиясы 31 788 гектарға, «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы 9 403 гектарға ендіріліп, суды 2 есе үнемдеуге мүмкіндік берді.

Жылыжайлардың жалпы көлемі 1 640 гектарға жетіп, 140 мың тонна өнім жиналды.

Мал шаруашылығының дамуы бойынша облыс республикада алдыңғы орында. Мал басы және өнімділігі орташа есеппен 5%-ға өсуде. Ет экспорты бойынша облыс республикада алдыңғы орында. Ірі қара мал етінің үлесі 85%, ұсақ мал – 60% құрайды. 10 мың тонна ірі қара мал, 4,6 мың тонна қой еті экспортқа жөнелтілді.