Inicio Басты жаңалықтар ТӨЛЕБИЛІКТЕРДІҢ АРЫСТАҒЫ МИССИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

ТӨЛЕБИЛІКТЕРДІҢ АРЫСТАҒЫ МИССИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

17 секторға бөлінген Арыс қаласының 5-ші секторындағы апаттан зардап шеккен тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстарын Қарағанды облысы мен Төлеби ауданы қарқынды жүргізуде.
Бұл 5-ші аймақта 72 жеке үй мен 11 көп қабатты тұрғын үйлер орналасқан. 24-ші маусым күні олардың барлығына зағым келген. Қуантарлығы жарамсыз күйге түскен үйлер жоқ. Барлық 83 үй-жайларды 22 отандық құрылыс компаниясынан 241 құрылысшы жөндеуде. Бүгінде 10 пәтер толығымен жөнделіп, арыстықтарға тапсырылған.Ондағы 18 көшенің әр біріне жауапты маман бекітілген. Штаб қызметкерлерімен 100 000 теңгеден берілетін қаржылай көмек көрсетуге өтініш берген 510 отбасыдан құжаттар жиналды. Тұрғындарға күнделікті азық-түлік тарату, аулаларды қирандылардан тазарту жұмыстарына ауданымыздан 40 ерікті өз көмектерін ұсынып, жұмыс жасауда.
Тазалық жұмыстарына 1 камаз, 1 водовоз, 2 газель, 1 борт газель, 1 жүк тиегіш техникалары жұмылдырылған. Сонымен қатар 1 жедел жәрдем, 1 өрт сөндіру техникасы, 1 қоғамдық тәртіп сақтау қызметінің көліктері бар.
Штабтағы жауаптылардың іс-әрекеттері мен қызметі Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбековтің жіті бақылауында.