Inicio Әлеумет Түркістан облысында «Төлеби су шаруашылығы» МКК-ның тарифі төмендетілді

Түркістан облысында «Төлеби су шаруашылығы» МКК-ның тарифі төмендетілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Төлеби су шаруашылығы» МКК-ның суды арналар арқылы беру қызметіне 2023 жылғы бекітілген тарифтік сметаларының орындалуы туралы есебіне талдау жүргізді.

Талдау барысында суды арналар арқылы беру қызметіне тарифтік сметасында көзделген шығындар баптарын толық көлемде орындамағандығы анықталды, бұл негізсіз кіріс алуына әкеп соқты.

Осыған байланысты, Департамент тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында, табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес уақытша өтемдік тариф енгізу жолымен шаралар қабылдады.

Нәтижесінде, «Төлеби су шаруашылығы» МКК-ның тұтынушыларына тарифті

323,60-тан 323,59-ға дейін, яғни 0,01 теңгеге немесе 0,0031% ға уақытша төмендету арқылы 399 418 теңге  көлемінде соммада негізсіз кіріс қайтарылады.

Бұйрық 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.

В Туркестанской области снижен тариф ГКП «Төлеби су шаруашылығы»

Департаментом Комитета по регулированию естественных монополий Министерства национальной экономики Республики Казахстан по Туркестанской области проведен анализ отчета об исполнении тарифной сметы за 2023 год ГКП «Төлеби су шаруашылығы» на регулируемую услугу подачи воды по каналам.

В ходе анализа установлено, что субъектом не в полной мере исполнены статьи затрат, предусмотренные в тарифной смете на услугу по предоставлению услуги подачи воды по каналам, что привело к получению необоснованного дохода.

В связи с чем, Департамент, в целях восстановления прав потребителей, принял меры в соответствии с законодательством о естественных монополиях путем введения временного компенсирующего тарифа.

В результате, потребителям ГКП «Төлеби су шаруашылығы» будет возвращена сумма необоснованного дохода в размере 399 418 тенге путем временного снижения тарифа с              323,60 до 323,59 то есть на 0,01 тенге или на 0,0031%.

Приказ вводится в действие с 1 декабря 2024 года.