Inicio Әлеумет Түркістан облысында «Ақжар-су» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің тарифі төмендетілді

Түркістан облысында «Ақжар-су» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің тарифі төмендетілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Ақжар-су» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің суды арналар арқылы беру қызметіне 2023 жылғы бекітілген тарифтік сметаларының орындалуы туралы есебіне талдау жүргізді.

Талдау барысында суды арналар арқылы беру қызметіне тарифтік сметасында көзделген шығындар баптарын толық көлемде орындамағандығы анықталды, бұл негізсіз кіріс алуына әкеп соқты.

Осыған байланысты, Департамент тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында, табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес уақытша өтемдік тариф енгізу жолымен шаралар қабылдады.

Нәтижесінде, «Ақжар-су» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің тұтынушыларына тарифті 173,14-ден 81,02-ке дейін, яғни 92,12 теңгеге немесе 53,2% ға уақытша төмендету арқылы 2 126 764 теңге көлемінде соммада негізсіз кіріс қайтарылады.

Бұйрық 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.

В Туркестанской области снижен тариф сельскохозяйственного производственного предприятия «Ақжар-су»

Департаментом Комитета по регулированию естественных монополий Министерства национальной экономики Республики Казахстан по Туркестанской области проведен анализ отчета об исполнении тарифной сметы за 2023 год сельскохозяйственного производственного предприятия «Ақжар-су»на регулируемую услугу подачи воды по каналам.

В ходе анализа установлено, что субъектом не в полной мере исполнены статьи затрат, предусмотренные в тарифной смете на услугу подачи воды по  каналам, что привело к получению необоснованного дохода.

В связи с чем, Департамент, в целях восстановления прав потребителей, принял меры в соответствии с законодательством о естественных монополиях путем введения временного компенсирующего тарифа.

В результате, потребителям сельскохозяйственного производственного предприятия «Ақжар-су» будет возвращена сумма необоснованного дохода в размере 2 126 764 тенге путем временного снижения тарифа с 173,14 до 81,02 то есть на 92,12 тенге или на 53,2%.

Приказ вводится в действие с 1 декабря 2024 года.