Бұған дейін көлік құралдарын қайта тіркеу үшін автокөлікті сатып алу-сатудың нотариалды куәландырылған шарты қажет болатын. Енді мамандандырылған ХҚКО қызметкері электрондық құжатты жүйеде қалыптастыра алады, ал сатушы мен сатып алушы eGov mobile қосымшасының көмегімен QR – код сканерлеу арқылы құжатқа қол қоя алатын болады.
Айта кету керек, бұл қызмет «Азаматтарға арналған үкіметке» тиесілі. Бұл жаңашылдық қызмет алушылардың ыңғайлылығы мен жайлылығы үшін және көлік құралдарын тіркеу кезінде сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында енгізілді. Енді Мемлекеттік корпорацияның, ҚР ІІМ және «ҰАТ» АҚ ақпараттық жүйелерінің ықпалдасуының нәтижесінде автокөлікті қайта ресімдеу процесі ашық болады. Мәмілені тіркеу кезінде жалған қол қою мүмкін емес.
Қызмет алушылар жүгінген кезде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының операторы сатушы мен сатып алушы туралы, сондай-ақ көлік құралы жайлы мәліметтерді жүйеге енгізеді. Осыдан кейін жүйе автоматты түрде мәміленің электрондық жазбаша нысанын қалыптастырады және экранға QR код шығарылады. Оны сканерлегеннен кейін, автокөлікті сатушы және сатып алушы тараптар құжатпен танысып, оған ЭЦҚ көмегімен қол қоя алады.
Сондай-ақ, ұйымның мүдделерін білдіруге сенімхаты және ЭЦҚ пайдалану құқығы бар заңды тұлғалардың өкілдері үшін де бұл процесстің аналогы eGov business қосымшасы арқылы қолжетімді.
Осы тұста, көлік құралдарын қайта рәсімдеу кезінде мәміленің қағаз түріндегі жазбаша нысанын қабылдау ағымдағы жылдың 23 сәуірінде ҚР ІІМ көлік құралдарын тіркеу және есепке алу Қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендіктен жойылғанын естеріңізге сала кетейік.
Процесс переоформления автомобиля стал проще
Ранее, при перерегистрации транспортных средств необходимо было предоставлять нотариально заверенный договор купли-продажи автомобиля. Теперь оператор спецЦОН может сформировать электронный документ в системе, а продавец и покупатель подписать его с помощью QR-кода, отсканировав его через приложение eGov mobile.
Отметим, что сервис был разработан «Правительством для граждан». Новшество было внедрено для удобства и комфорта услугополучателей, а также для искоренения коррупционных действий при регистрации транспортных средств. Так, благодаря интеграции информационных систем Госкорпорации, МВД РК и АО «НИТ», процесс переоформления авто стал прозрачным. Подделка подписей при регистрации сделки исключена.
При обращении услугополучателей сотрудник специализированного центра обслуживания населения вносит в систему сведения о продавце и покупателе, а также непосредственно о транспортном средстве. После чего система автоматически формирует электронную письменную форму сделки и выводит на экран QR-код. Отсканировав его, покупатель и продавец автомобиля могут ознакомиться с документом о купле-продаже и подписать его с помощью ЭЦП.
К слову, аналогичный процесс доступен для представителей юридических лиц, имеющих доверенность на представление интересов и право использования ЭЦП организации через приложение eGov business.
Напомним, что прием бумажной письменной формы сделки при переоформлении автомобилей был отменен 23 апреля текущего года вследствие внесения изменений и дополнений в Правила регистрации и учета транспортных средств МВД РК.