Inicio Әлеумет ШАҺАРДЫҢ ДАМУЫ ЕЛ ТАЛҚЫСЫНДА

ШАҺАРДЫҢ ДАМУЫ ЕЛ ТАЛҚЫСЫНДА

Елбасының «Аман болсақ, 2-3 жылдың ішінде Түркістан жай-нап, басқа қала болып, еңсесі көтеріліп, бәріміздің қуанышымызға өсіп өркендейтін болады», деген сөзі ақиқатқа айналды. Киелі қала көп өзгерді, ел мақтанышына айналатын іргелі нысандар бой көтеріп, қарқынды құрылыс жалғасуда. Бүгінде Түркістан тұрғындарының тұрмыс-тіршілігінде, қоғам өміріне көзқарасында оң өзгеріс көп.

Осы орайда, Түркістанның қарт тұрғыны, зейнеткер, көп жыл білім саласында еңбек еткен қазір қалалық ақсақалдар алқасы төрағасының орынбасары Пернетай Қамбарұлының шаңырағында қалалық мәслихат депутаты Худияров Ғалымжан Батырханұлы болып, канвассинг жүргізіп қайтты.

Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жол картасы аясында қаламыздың көз алдымызда көркейіп, дамып келе жатқандығы жайлы сөз болды. Осы бағытта ағамыз өзінің қандай ұсынысын, тілегін айтады деген ниетпен сізге ат басын бұрған едік- деп, Ғалымжан Батырханұлы сүбелі сөзді өрбітті.