Inicio Басты жаңалықтар ҚР ВИЦЕ-ПРЕМЬЕРІ ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК АРЫС ҚАЛАСЫНА КЕЛДІ

ҚР ВИЦЕ-ПРЕМЬЕРІ ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК АРЫС ҚАЛАСЫНА КЕЛДІ

Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек жұмыс сапарымен Арыс қаласына келді. Алдымен вице-премьер Атырау облысына қарасты №1 сектордағы құрылыс-жөндеу жұмыстарымен танысты. Ол аумақта 482 үй орналасқан. Зақымданған 431 үйдің қазіргі таңда 3-уі толық жөнделген. Ал «BI Group» компаниясы осы сектордағы 88 үйді қалпына келтіру жұмыстарын қолға алып отыр. Жұмысшы топ кейін Нұр-Сұлтан қаласына қарасты №9 секторға аялдады. Онда 655 үй бар. Аумақта қайта қалпына келтіруге қажетті 572 баспананың 105-інде құрылыс толығымен аяқталған.
Сонымен қатар, Үкімет басшысының орынбасары 1904 жылы іргетасы қаланған «Арыс-1» теміржол вокзалына да аялдады. Мұндағы тірлік «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тиесілі. Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Арман Жетпісбаев міндеттелген шаруа толығымен уақытылы атқарылып жатқанын мәлімдеді.
Кейін топ Шымкент қаласына қарасты 10-секторда болды. Онда есеп бойынша 652 үй тіркелген. Жөндеуді қажет ететін 604 үйдің 138-інде бүгінде жұмыс толық аяқталған. Бұдан кейін жұмысшы топ қалалық емхана мен орталық стадиондағы жөндеу жұмыстарына көңіл аударды. Іссапар аясында Нұр-Сұлтан, Ақмола, Қостанай қалаларына тапсырылған секторлардағы жұмыстар назарға алынды.
Арыс қаласаның бүгінгі жай-күйімен танысқан Жеңіс Қасымбек сапар соңында шаһарды қалпына келтіру бойынша құрылыс-жөндеу жұмыстарын қарқындату қажеттігін тапсырды.