Үміткерлер Абдіхан Абдікаримов қарияның үйінде қонақта болды
Nur Otan» партиясының мәслихат депутаттығына үміткерлер, Түркістан қаласының Құрметті азаматы, “Құрмет” орденінің иегері. “Қоғамдық келісім» кеңесінің төрағасы Абдікаримов Абдіхан қарияның үйінде қонақта болды.
Атам қазақта «Қаталдан – қатыгез іс, қайырымдыдан – қасиетті із қалады» деген қасиетті сөз бар. «Ардагер» – бұл қазақтың «ардақты ер» деген сөзінен туындаса керек-ті.
Ал, қазақтың бүгінгі қазыналы қариясы кешегі Ұлы Отан соғысында майдан көрген, тылда еңбек еткен аталарымыз бен ағаларымыз, әжелеріміз бен аналарымыз. Олардың жүріп өткен жолы – бүгінгі қоғамға үлгі-өнеге, әрбір кеңесінде ұлттық сезім, адамгершілік пен адалдық, жауапкершілік пен ізгілік тұнып тұрады.
Әр қызметтің өз кеңесшісі болады. Ал, біздің кеңесшілеріміз – ардагерлеріміз. Олардың аузынан шыққан сөз жүрекке жетіп жатады. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары болуға, достық пен бірлікке баули отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Мұның бәрі Ұлы Отан соғысы, ауған соғысы, тыл майдангерлерін, ішкі істер органдарының ардагерлерін, облыстық, қалалық, аудандық ардагерлер кеңесі, мемлекет, қоғам және өнер қайраткерлерін шақырып, келелі кездесулер өткізумен сабақтасып жатады.
«Nur Otan» партиясы Түркістан қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді