Inicio Әлеумет БІРҚАТАР ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯ СУБЪЕКТІЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ӘКІМШІЛІК ӨНДІРІС ҚОЗҒАЛДЫ

БІРҚАТАР ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯ СУБЪЕКТІЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ӘКІМШІЛІК ӨНДІРІС ҚОЗҒАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментімен жүргізілген талдау нәтижесінде 14 табиғи монополия субъектілері тарапынан табиғи монополия саласындағы заңнама талаптарын сақтамау фактісі анықталды.

Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 26-бабы 2-тармағы 15) тармақшасына сәйкес, табиғи монополия субъектісі бекітілген тарифтік сметаны орындауға міндетті.

Алайда, төменде көрсетілген табиғи монополия субъектілері бекітілген тарифтік сметаларды орындамай, аталған Заң талабының бұзылуына жол берген.

  • «Отырар жылу» МКК-ның Шәуілдір және Мыңшұңқыр ауылдары бойынша (жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау);
  • «Уранқуат» ЖШС (электр энергиясын беру);
  • «Уранқуат» ЖШС-нің Таукент филиалы (электр энергиясын беру, сарқынды суларды бұру);
  • «Ақсу» МКК (суды арналар арқылы беру);
  • «Арыс жылу» МКК (жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау);
  • «Төлеби су шаруашылығы» МКК (суды арналар арқылы беру);
  • «Қайтпас су» ЖШС (суды таратушы желілер арқылы беру);
  • «Югдорстрой» ЖШС (бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда маневр жұмыстары, тиеу-түсіру, тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялар үшін);
  • «С.А.-Маркетинг» ЖШС (суды таратушы желілер арқылы беру);
  • «Бейбарс-АО» ЖШС (суды таратушы желілер арқылы беру);
  • «Ақжар-су» ӨК (суды арналар арқылы беру);
  • «Бетон Instruction» ЖШС (бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда, жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру);
  • «Қарамұрт-су» ӨК (суды таратушы желілер арқылы беру);
  • «Келес Транс Газ» ЖШС (тауарлық газды Қазақстан Республикасының тұтынушылары үшін газ таратушы жүйелер арқылы тасымалдау).

Осыған орай, Департамент жоғарыда аталған табиғи монополия субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің талаптарына сәйкес, әкімшілік істер қозғады.

Аталған істер бойынша, Департаментпен жалпы көлемі 2 878 092 теңге мөлшерінде айыппұлдар салынды.

Бүгінгі таңда бірқатар субъектілер мемлекеттік бюджет есебінен әкімшілік айыппұлдарды төлеп үлгерді.

ДКРЕМ ПО ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ВОЗБУЖДЕНО АДМИНИСТРАТИВНОЕ ПРОИЗВОДСТВО В ОТНОШЕНИИ РЯДА СУБЪЕКТОВ ЕСТЕСТВЕННЫХ МОНОПОЛИЙ

По результатам проведенного анализа Департаментом Комитета по регулированию естественных монополий Министерства национальной экономики Республики Казахстан по Туркестанской области был установлен факт несоблюдения законодательства в сферах естественной монополии со стороны 14 субъектов естественных монополий.

В соответствии с подпунктом 15 пункта 2 статьи 26 Закона Республики Казахстан «О естественных монополиях», субъект естественной монополии обязан исполнять утвержденную тарифную смету.

Однако ниже указанные субъекты естественной монополии не неисполнили утвержденные тарифные сметы, что является нарушением требований указанного Закона.

  • ГКП «Отырар жылу»  По селам Шаульдер и Мыншункур (производство, передача, распределение и снабжение тепловой энергией);
  • ТОО «Уранэнерго»(передача электрической энергии);
  • Таукентский филиал ТОО «Уранэнерго» (передача электрической энергии, отвод сточных вод);
  • ГКП «Аксу» (подача воды по каналам);
  • ГКП «Арыс жылу»(производство, передача, распределение и снабжение тепловой энергией);
  • ГКП «Төлеби су шаруашылығы» (подача воды по каналам);
  • ТОО «Кайтпас су» (подача воды по распределительным сетям);
  • ТОО «Югдорстрой» (услуги по предоставлению подъездного пути для маневровых работ, погрузки-выгрузки);
  • ТОО «С.А.-Маркетинг» (подача воды по распределительным сетям);
  • ТОО «Бейбарс-АО» (подача воды по распределительным сетям);
  • ПК «Ақжар-су» (подача воды по каналам);
  • ТОО «Бетон Instruction» (по предоставлению подъездного пути для проезда подвижного состава при условии отсутствия конкурентного подъездного пути);
  • ПК «Қарамұрт-су» (подача воды по распределительным сетям);
  • ТОО «Келес Транс Газ» (транспортировка товарного газа по газораспределительным системам для потребителей Республики Казахстан);

В связи с этим, Департаментом возбуждены административные дела в отношении вышеуказанных субъектов естественных монополий в соответствии с требованиями Кодекса Республики Казахстан «Об административных правонарушениях».

По данным делам, Департаментом наложены штрафы на общую сумму 2 878 092 тенге.

На сегодняшний день ряд субъектов уже оплатили административные штрафы в счет государственного бюджета.