Inicio Басты жаңалықтар БАЛАСЫН 6 ЖАСТАН МЕКТЕПКЕ БЕРМЕГЕН АТА-АНАҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНБАЙДЫ

БАЛАСЫН 6 ЖАСТАН МЕКТЕПКЕ БЕРМЕГЕН АТА-АНАҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНБАЙДЫ

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің есепті жиынында қоғам арасында біраз шу шығарып жатқан мәселеге қатысты мәлімдеме жасады.

Айта кетейік, Жыл басында жыл басында баланы 1 сыныпқа қабылдау 6 жастан бастап жүргізу туралы ведомоство тарапынан норма енгізіліп, егер ата-аналар балаларын алты жасында мектепке бермейтін болса, оған қарсы айыппұл салынатындығы да айтылған болатын. Алайда, бұл қадамға қарсы болған көпшілік пікірі арта түскен-тін. 

Министрдің айтуынша енді баласын 6 жастан мектепке бермеген ата-аналарға айыппұл салынбайды.