Ағымдағы жылдың ақпан айының 19 күні «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Атап айтқанда Түркістан ст. қызмет көрсету аумағындағы ЖПб ӘПб ҚБжПт-ның инспекторы полиция лейтенанты Б.Орынбасар Темір жол бойына жақын орналасқан №7 С.Ерубаев және №12 Қ.Сәтбаев мектеп оқушыларымен кездесіп оларға «Темір жол – аса қауіпті аймақ» екендігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сонымен қатар әр бір адам темір жолдағы жүріс тұрыс ережелерін қатаң сақтап, сигналдарға құлақ асып, ескерту плакаттарын мұқият қадағалап, басқаларды және ең алдымен балаларды ескерту керек екендігі айтылды. Сондай-ақ қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін сақтау, жасөспірімдер қылмыстарының алдын алу және ескерту, олардың жарақат алу, жазатайым оқиғалар фактілерінің алдын-алу, құқықтық ой-санасын қалыптастыру мақсатында құқықтық тақырыпта түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Түркістан станциясы ЖПб