Inicio Әлеумет ҒАСЫРЛАР ТАЛҒАМЫНАН ӨТКЕН АСЫЛ ҚАЗЫНА

ҒАСЫРЛАР ТАЛҒАМЫНАН ӨТКЕН АСЫЛ ҚАЗЫНА

Қазақстан Республикасы­­ның Тәуелсіздігінің 30 жыл­­дығы аясында Ұлттық мереке – әз Наурыз мейрамына орай Қазақстан Республикасы Мә­­дениет және спорт ми­­нис­­тр­­­лігіне қарасты Отырар мем­­­­­ле­­кеттік археологиялық қо­­­­­­рық-музейінің «Сапар ор­­та­­лығында» «ҒАСЫРЛАР ТАЛ­­­­­­ҒАМЫНАН ӨТКЕН АСЫЛ ҚАЗЫНА» тақы­­ры­­бын­­да көр­­менің ашылуы өтті. Биыл қастерлі Тәуелсізді­гімізге 30 жыл толуына орай наурыз айы қазақтың ұлттық мәдениеті мен дәстүрінің айы ретінде белгіленіп отыр. Күллі түркі халқы үшін жаңарудың символына айналған Наурыз мерекесі қарсаңында ұйым­дастырылған салтанатты ша­раны Отырар ауданы әкімінің орынбасары Пердехан Жап­парқұлов пен Отырар қорық-музейі директорының м.а Жан­гелді Махашов ашып берді. Көрмеде музей қорындағы қолөнер түрлерінің бірі-то­­қыма және киіз басу өнерінің бірегей туындылары, соны­­мен қатар жүн өңдеу, иіру, тоқуға арналған құралдар көпшілік назарына ұсыныл­ды. Музей қорындағы қолөнер түрлерінің әр қайсысының талай ғасырлық тарихы бар. Қазақ халқының қолөнері санау ескі заман тарихымен бірге өсіп, біте қайнап келе жатқан, өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән-мағынасымен шын мәнінде, халқымыздың ғасырлар тал­­ғамынан өткен асыл қазынасы. Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, олар­­ды күнбе-күн тіршілік ба­рысында пайдаланса, әсем бұ­йымдар жасап, өмірде сән салтанат құра білді. Халық шығармашылығының қандай түрі болса да халық өмірі мен, сол халықтың қоғамдық та­­рихымен, кәсібімен тығыз бай­­ланысты екенін осы көр­меден көруге болады.Көрме бір ай көлемінде көпшілікке насихатталады.