Inicio Басты жаңалықтар ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАНҒА СІҢГЕН ҚАСИЕТ

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАНҒА СІҢГЕН ҚАСИЕТ

          Түркістан облысы Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайдың алғашқы күнінен-ақ көмекке асыққан мақтааралдықтар бүгінгі күнге дейін жалпы құны 25 миллион теңгені құрайтын азық-түлік, киім-кешек пен гигиеналық заттарды арыстықтарға жеткізген.
Аудан басшысы Асанов Бақыт Насырханұлының бастамасымен «Арыс, біз біргеміз!» акциясы аясында Арыс қаласының тұрғындарына мақтааралдықтар 1 күндік жалақыларын аударып, 6,4 млн теңге қаржылай көмек көрсеткен.
Сонымен қатар, Мақтаарал ауданы әкімдігінің мамандары Арыс қаласындағы 8-ші секторда төтенше жағдайдан зардап шеккен арыстықтарға 100 мың теңге көлемінде бір реттік өтемақы беру бойынша 675 отбасы, 3245 тұрғыннан құжаттар жинақтаған.
Апаттан зардап шеккен арыстықтардың мектеп жасындағы 50 бүлдіршінінің көңілдеріндегі қорқынышты сейілтіп, көңілдеріне демеу беру мақсатында қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерлерінде демалған.