Inicio Басты жаңалықтар «АДАЛ ЖОЛДЫ ТАҢДАЙМЫЗ» ЭСТАФЕТАСЫ ӨТТІ

«АДАЛ ЖОЛДЫ ТАҢДАЙМЫЗ» ЭСТАФЕТАСЫ ӨТТІ

Түркістан облысы Төлеби ауданында орналасқан «Біркөлік шатқалы» жазғы лагерінде «Түркістан – Адалдық алаңы» Жобалық кеңсесінің бастауымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жолды таңдаймыз» облыстық эстафеталық марафонының туы Шардара ауданына табысталды.

Эстафетаны табыстау рәсімінде лагердің тәрбиеленушілері өздері жасаған робототехникасымен, асфальтта, мальбертте салған суреттерімен, қолөнер туындыларымен және 150 бала «Көкке өрле» әнінің аясында флешмоб билеп, өз өнерлерін көрсетті.

Іс-шарада ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Арман Абдраманов марафонға белсене қатысып, ұйымдастырған азаматтарға алғыс хаттар табыстады.

Сонымен қатар «Адал жолды таңдаймыз» эстафетасының Төлеби аудандық жас суретші байқауында және асфальтқа сурет салу байқауында жүлделі орын алған балалар аудан әкімінің арнайы дипломымен марапатталды.

Эстафета аясында ауданымызда екі апта көлемінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы түрлі іс-шаралар өткізілген болатын. Атап айтсақ, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында бейнероликтер көрсетілді. «Жастар жемқорлыққа қарсы» тақырыбы аясында караоке, «Ақ орамал» байқауы ұйымдастырылды. «Жемқорлықпен күрес – ортақ іс» атты тақырыпта үн парақтар ілінді. «Адал ұрпақ» тақырыбында «Көктөбе» мен «Жер ұйық» жазғы лагерлерінде оқушылар мен тәрбиешілерге аталған тақырып аясында кездесу өткізілді. «Мен мықтымын» тақырыбында жастар арасында «Жаз-2019» атты спорттың кіші футбол мен волейбол түрінен аудандық ашық біріншілік өтті.

Қорытынды іс-шара соңында аталмыш эстафеталық марафонның символы болған ту мен кітапты Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Р.Бейсебаева Шардара ауданы әкімінің орынбасары Б.Шомпиевқа табыстады.