Inicio Спорт ДЗЮДОДАН V ЖАСТАР СПОРТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ ӨТТІ

ДЗЮДОДАН V ЖАСТАР СПОРТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ ӨТТІ

Жуырда Орал қаласында дзюдодан V жастар спорттық ойындары өтті. Аса тартысты өткен республикалық жарыстың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының жастары бас жүлдені қанжығаларына байлады. Аталған бәсекеде 2001-2002 жылғы жастар өзара бақ сынады Ал, командалық есепте Алматы облысының жастары күміс жүлдегер атанса, Түркістан облысының дзюдошыдары қола жүлдені еншіледі.

 Жастар спорттық ойындарында облыс намысын қорғаған 90 келідегі жас балуан Айдар Арапов алтын медаль иеленді. Белдесуде өзінің шеберлігін көрсеткен жерлестеріміз Бексұлтан Ашен мен Дана Айтпаева күміс жүлдені еншіледі. Татамиде бар-күш жігерлерімен көзге түскен Бексұлтан Дүйсенов 73 келі салмақта өнер көрсетіп, қола медаль жеңіп алды.Сонымен қатар, қыздар арасында сынға түскен түркістандық балуандар аруларымыз  Назгүл Есімбек пен Нүрила Асанқызы қола жүлдені қанағат етті.

   Биылғы жастар спорт ойындарында Түркістан облысының спортшы ұл-қыздары жақсы нəтижеге қол жеткізіп,туған елге олжалы оралды.