Inicio Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ: Б.САТТАРХАНОВ ДАҢҒЫЛЫН КЕҢЕЙТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ: Б.САТТАРХАНОВ ДАҢҒЫЛЫН КЕҢЕЙТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Түркістанның кірес беріс қақпасын қаламен жалғап жатқан, ұзындығы 5 шақырымды құрайтын Бекзат Саттарханов даңғылын 6 жолақты етіп кеңейту жұмыстары басталды. 2019 жылдың наурыздың соңғы күндері басталған жолды кеңейту жұмыстары екі кезең бойынша жүргізіледі. Бірінші кезеңде 3 шақырым жол кеңейтіліп, шілде айының соңында пайдалануға беріледі, ал екінші кезеңде қалған 2 шақырымы кеңейтілетін болады. Бұл жұмыстардың барысында жолдың ені 18 метрге кеңейтіледі. Жол құрылыс жұмыстарын жүргізетін «ДорСтрой» фирмасымен қосалқы мердігер «Ақжол» ЖШС-і.


Жалпы Б.Саттарханов даңғылын кеңейту жұмыстарын ағымдағы жылдың қазан айында аяқтап, ел иігілігіне беру жоспарланған.
Сонымен қатар Түркістанның Бас жоспары мен жол кеңейту жұмыстарына сәйкес Б.Саттарханов даңғылының бойындағы, бірнеше кәсіпкерлік нысандар мен тұрғын үйлер мемлекет мұқтаждығы үшін алынатын болады.