ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!
Соңғы мәліметтерге қарасақ, жерлестеріміздің дертке ұшырап жатқандарының саны еселеп көбеюде, өздеріңіз байқап тұрғандай ауруханалар толып жатыр.
Мемлекет басшылығы шұғыл шаралар қолданып өз тарапынан қомақты жұмыстар ұйымдастырып, дәрігерлер өз саулығын қойып күн демей түн демей қызметте.
Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар, төтенше жағдайға байланысты қызметтерін жасауда, қарапайым халық қолынан келген жәрдемін, қайырымдылығын көрсетіп келеді.
Соған қарамастан дертке ұшырағандар саны өсуі тоқтайтын емес.
Құрметті жерлестер, бауырлар! Барлықтарыңызды бір-біріңізге қамқор, жанашыр болуға шақырамын.
Даламыздың сөзі – Пайдаң тимеседе ең болмаса зияның тимесін – дейді. Айтайын дегенім, ауру, адамнан адамға жұғады, басқа тарау жолы жоқ!
Тек осы шараны қолға дұрыстап алсақ бұл індеттен құтыламыз. Карантиннің басты мақсаты осы. Дұрыс қабылдап түсінуге тырысайық ағайын.
Ал, Мәжбүрлі болып шығушыларға дәрігерлермен мамандардың кеңесін ұстануын сұранамын. Отбасынан тек бір адам ғана қажеттілігімен сыртқа шығып тұрса.
Барынша адамдардан алшақтау тұруға, бетперде киіп оны мезгілінде ауыстыруға, үйлеріңізге келгенде ең алдымен барлық ашық жерлеріңізді сабынмен жуып тазаланып, барлық сақтық шараларын ұстаныңыз.
Қазіргі кезде əр әкімшілікте КОЛ орталықтары жұмыс жасайды. Ақпаратпен мәлімет сол жерден алуға болады. Жанашырлық танытып сүйеуші бола білейік, біздің адамдығымызды көрсетейік.
Ұлы даламыз, ашаршылықтың қиыншылығын көре тұра өзге елдерден қиналып келген адамдарға қамқорлығымен дала салтын көрсеткен. Сол Ұлы дана халқымның Ұрпағымыз.
Сайрам аудандық мəслихатының хатшысы, депутат Жансерік Мұсаханұлы