Inicio Дін ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ТЫНЫШТЫҚ ҮШІН КЕРЕК

ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ТЫНЫШТЫҚ ҮШІН КЕРЕК

Бақытжан ЕРТАЕВ, Мәжіліс депутаты: ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ТЫНЫШТЫҚ ҮШІН КЕРЕК Заң жобасы ел тыныштығы үшін жасалды. Осы уақытқа дейін «Діни бірлестіктер мен діни қызмет туралы» заңға енгізілетін бірқатар өзгерістер мен толықтырулар жайында Мәжіліс депутаты Бақытжан Ертаев осы тақырып төңірегінде сөйлескен едік. – Қазір қоғамда «Діни бірлестіктер мен діни қызмет туралы заңға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар жөніндегі» заң жобасы қызу талқылануда. Осы заң жобасын қарас¬ты¬ру барысының өзінде еліміздегі біраз діни ахуалдың мән-жайын біліп қалғандай¬мыз. Жалпы, бұл өзгерістерден не күтеміз? Расын¬да өзгерістер бола ма және неге мұндай өзге¬ріс¬тер дәл бүгін қажет болды? – Біріншіден, мына нәрсеге назар аударсақ, жалпы уақыт бір орында қатып қалған константа шама емес. Заман өзгеру үстінде, ғылым мен техниканың дамуы күн¬нен күнге бұл үдерісті өте қарқынды жүргізуде. Біз ақпараттық технология мен ғалам¬дық саяси-философиялық құнды¬лық¬ты категориялардың белсенді өзгеріп жатқан кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Уақыттың талабына сай біз де жас мемлекет ретінде сол өзгерістер мен үдеріс¬терге уақытылы жауап қатып, мемле¬кет¬тілігіміз бен тәуелсіздігімізге кереғар дүниелерге дер кезінде зейін қоюымыз заңды. Ол үшін құқықтық құндылық¬тары¬мызды, бағыт-бағдары¬мызды қайта қарап, саяси сағатымызды түзеп отырамыз. Бұл заңдарымызды қайта бағамдап, өзгертіп, түзеп отыру дегенді білдіреді. Мысалы, бүгінде қолданып жүрген «Діни бірлестіктер мен діни қызмет туралы» заңы¬мыз 2011 жылы сол кездерде пайда болған мәселелерді шешу үшін жаңар¬тылған болатын. Біз зайырлы құқықтық-демократиялық ел ретінде кезінде барлық діни идеялар мен конфессияларға есіктерімізді айқара аштық. Бірақ осылай еркіндік бере отыра біраз мәселелерге тап болдық. Ол теріс діни идеологиялардың таралуы, заңсыз діни миссионерлікпен айналысу, дін жамылған шетелдік қаржы мен лаңкестік құрылымдардың ел ішінде кеңінен таратылуы еді. 2011 жылғы қабылданған заң аясында елімізде бар 4500-ден астам діни ұйымның 3088-і қайта тіркеуден өтті деген ақпаратты тіркеу жүргізетін органдардың мәліметі бар. Дәл осы сәттен бастап мемлекетіміздегі діни ахуалдың динамикалық кейіп-келбе¬тін көре алатындай жағдай туды, яғни нақты статистикалық мәліметтер мен ресми ақпа¬рат¬тар пайда болды. Қандай мәсе¬ле¬лердің бар екені көзге көріне бас¬тады, ал оған арнайы салалық ведомстволар мен құры¬лы쬬дардың жұмысы арқылы кешенді іс-қимыл¬дар ұйымдастырылды. Алайда жоғарыда айт¬қа¬ным¬дай, заман мен оның талап¬тары мен қажеттіліктері бір орында тұрмайды. Бүгінде дінді саяси ойынға айнал¬ды-рып, террористік және экстре¬мистік құрал ретінде пайда¬ла¬нып, тұрақсыздық пен лаңның отын көсеп отырған топтар баршылық. Оған куә – соңғы он жылдықта әлемде болып жатқан, дін атымен адам өмірін қиған әртүрлі оқиғалар. Мәселен, Сириядағы соғыстың зарда¬бы бізге де келіп тиіп жатты, қан¬ша¬ма қанда¬сы¬мыз дін үшін соғы¬самыз деп шаты¬сып, бала-шаға¬сы¬мен «жа묬ған ж謬һад¬қа» аттанып кетті. Күні кеше бол¬ған Ақтөбе мен Тараз, Алматыдағы оқи¬ға¬ларды еске алыңыз. Ал дәл қазір сол Сирия¬ның жерін¬де террорис¬тердің қатарында, құқық ¬қорғау орган¬дары¬ның мәліметтері бойын¬ша, 500-ден астам жерлесіміз жүр деген ақпарат тарады. Сол мәліметтер бойынша, 2014 жылы экстремизм мен терроризм баптары қылмыскер атанғандардың саны 154 адам болса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 554 адамға жеткен, ал қозғалған қылмыстық істердің саны 1000-нан асады. Бұл – 18 миллион тұрғыны бар кішкентай Қазақстан үшін өте үлкен статистика. Арнайы қызмет өкілдері қаншама террористік актілердің алдын алып жатыр. Мыса¬лы, осыдан бірнеше жыл бұрын сол Сириядан елімізге оралған азамат Атырау қаласында жасырынып жүріп бомба құрастырмақшы болған. Бір апта бойы әртүрлі дәріханалардан керекті химиялық элементтерді сатып алып жүріп ұсталды. Біздің мемлеке¬ті¬мізді «кәпірлер» басқарып отыр, заң¬да¬рымыз шариғат үкімдеріне негіз¬дел¬меген деп, мемлекеттік маңызы бар нысандар мен құқыққорғау орган¬да¬рына қаншама террорлық шабуыл¬дар ұйымдастырмақшы болған. Міне, осындай жайттарды ескеретін болсақ, бұл заң жобасы – дер кезінде ойласты¬рылған дүние. Діни терроризм мен экстремизмнің территориясы жоқ, бүгінде бұл мәселе – әлемдік қауымдастықтың қауіпсіздік тұрғысынан алғанда күн тәртібінде тұрған бірден-бір тақырып. – Осы заң жобасында сіз айтып отырған экстремизм мен терроризмнің алдын алатын немесе оның белгілеріне қарсы құрал бола алатын қандай өзгеріс¬тер бар? – Мәселен, өзгерістер енгелі отырған басқа заңдар мен құқықтық нормаларды алмағанда, 2011 жылғы «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» заңды қарайтын болсақ, бұрын ескерілмеген, мүмкін құқықтық қажеттілік болмағандықтан, заңда қарастырылмаған «діни радикализм», «деструктивті діни ағым» секілді термин¬дерге алғаш анықтама беріліп, заңға енгелі отыр. Деструктивті діни ағымның немесе идеяның тасы-малдаушысы болып табылатын азаматтарға деструктивтілік белгілерін насихаттауға және қоғамдық орындарда оларды көпшілікке жария етуге тыйым салынбақшы. – Діни деструктивті ағымның не екенін немесе заң бойынша қандай бола¬тын¬дығын атап өтсеңіз. Сосын ертең орта есептегі қара¬пайым қазақ¬стан¬дық мұсылманның деструк¬тивті ¬атрибуттары пайда болып жүрмей ме ертең? – Деструктивті діни ағым деп, адамзат пен адамның еркіндігі мен құқықтарына қауіп төндіретін, халық дәстүріне және діни сенімдеріне, рухани және мәдени құнды¬¬¬лықтары¬мызға, адамгершiлік негiз¬дерді бұзуға, әлсіретуге бағытталған қыз¬мет¬ті жүзеге асыратын, діни идео¬логияны уағыз¬дайтын діни ағым¬ды айтамыз. Жалпы, дін саласындағы мем¬ле¬кеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжы¬рым¬дамасында да осы тақырып ай¬қын көрініс тапқан. Яғни, діни деструк¬тив¬ті ағымдар мен идео¬ло¬гиялардың алдын алу және оның белгілерімен тиімді күресу. Мысалы, 2017 жылдың басынан республика бойынша 465 деструктивті діни ағым¬ның тасымалдаушы қылмыс жасағаны және аталған категорияның 5 534 тұлғасы әкім¬ші¬лік құқықбұзушы¬лық жасағаны анық¬тал¬ды. Осылайша, тек осы жылы деструк¬тив¬ті діни ағым¬дар¬дың 25 пайыздан көбі (жалпы саны – 23 547) қылмыстық немесе әкімшілік құқықбұзушылық іс-әрекеттерін жасаған деген ақпарат бар. Ал енді заң аясына осы «діни дес¬труꬬтивті идея мен ағым» деген кате-горияны енгізу біраз азаматтық және қы묬¬¬мыстық құқық¬бұзушы¬лық¬тың а묬-дын алып, қоғам¬дық қауіпсіздік тұр¬ғы¬¬сынан да өзін-өзі ақтайды деп ой-ла鬬¬мын. Себебі, құқық¬тық процес¬суа묬дық мәселелерді құқықтық мән-ма-ғына берілген баптар ғана шеше алады. Қарапайым ислам дінін ұстанушы азаматтарға келетін болсақ, бұл норма оларға ешқандай да кері әсерін бермейді. Себебі, заңда ешқандай сақал немесе қысқа балақ туралы аталмаған. Деструктивті атрибуттарды осы заңға негізделген, құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып дайындалатын нормативтік актілер реттей¬тін болады. Сондықтан дау тудырып, бас жару¬дың қажеті жоқ. Өзгертулер мен толық¬¬¬тырулар – барлығымыздың қауіп¬сіз¬ді¬гіміз бен ел тыныштығы үшін жасалып жат¬қан іс-шара. – Тағы бір мәселе – хиджаб, пәренже мен ниқаб тақырыбы. Соңғы кездері еліміздің түкпір-түкпірінде балаларының діни киімде¬рін шешпей мектепке жібермей жатқан ата-аналар көп. «Қашықтықтан үйде оқытамыз» деген олар әртүрлі қарсылық акциясын да ұйым¬-дастыруда. Жалпы, ел тарихында болмବған оқиғалар орын алуда, заң жоба¬сын¬да бұл мәселе қалай қарастырылған? – Заң жобасында тек қана әйел ада쬬ның сыртқы бет-бейнесін анықтауға кедер¬гі келтіретін және қоғамдық орындарда деструктивті діни ағымның атрибутикалары болып табылатын діни киім үлгілеріне ғана тыйым салынған. Бұл категорияға бет-әлпетті бүркеп тұратын пәренже мен ниқаб жатады. Ал заң жобасында хиджаб жөнінде мүлде айтылмаған. Сіз айтып отырған мектептердегі жайт¬тар «Білім туралы» заңға сәйкес дайын¬дал¬ған «Орта білім беру ұйым¬дары үшін мін¬дет¬ті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы бойынша шыққан нормадан туып отыр. Онда бірыңғай мектеп формасы турасында айтыл¬ған және белгілі бір діннің атрибути¬касы болып табылатын киім үлгілеріне орта білім беру мекемелерінде тыйым салынған. Яғни, аталған оқиғалардың бұл заң жобасына қатысы жоқ. Дегенмен, осындай мәселелердің туындап жатқаны еліміздегі діни тақы-рыптың өте өзекті болып отырған¬дығын көрсетеді. Мәселені тек қана бір қырынан көріп, біржақты түсінуге болмайды. Бет-әлпетті не үшін анықтау керек десеңіз, Еуропада, сондай-ақ Ливан, Ирак және Сирияда да қара жамылып, бүркенген киімдердің ішіне террористер мен лаңкестер жасырынып талай жары¬лыстар жасамақшы болған. Сондықтан ертеңгі күніміз тыныш және бейбіт болғанын қалайтын бол¬сақ, оның іргетасын бүгін қалауы¬мыз керек. Жұмыс тобы осы қаралып жатқан заң жобасын жан-жақты талқылап, бір пікірге келіп, қоғамға, халыққа керек заңды қабылдайды деген үміттемін. – Әңгімеңізге рақмет! Сұхбаттасқан Мира АЙМАХАН, «aikyn.kz»