Inicio Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАНДЫҚ КӘСІПКЕР ҚАЙЫРЫМДЫ ІС ЖАСАДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ КӘСІПКЕР ҚАЙЫРЫМДЫ ІС ЖАСАДЫ

Мақтааралдық кәсіпкер-меценат Самат Жантөреев жаңа жыл қарсаңында көп балалы және аз қамтамасыз етілген 40 отбасыға азық-түлік үлестіріп, балаларға арналған жаңа жылдық сыйлықтарын таратты. Бұған дейін де көптеген қайырымдылық іс-шараларына атсалысып жүрген кәсіпкердің бұл алғашқы игі ісі емес.

Самат Ибраһимұлы аудандағы мектеп интернаты мен мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталықтарына да күнделікті қолданатын гигиеналық заттармен қамтамасыз етіп отыр. Бұдан бөлек, көптеген мәдени, спорттық іс-шараларға демеушілік жасап, ауыл жастарын псортқа ынталандырып келеді.

Жамбыл ауылдық округі Жалын елді мекенінің тумасы С.Жантөреев «Жамбыл» атындағы орта мектепте білім алып жүрген кезден-ақ, спорттың бокс түрімен тұрақты түрде шұғылданып, елімізде және шетелдерде өткен көптеген спорттық жарыстарға қатысып, өзінің табандылығының арқасында бірқатар жетістіктерге жетіп үлгерген.

Айта кетейік, бұқаралық спортты дамыту, жастарды спортқа ынталандырудың нәтижесінде бүгінде Саматтың жолын қуып, спортқа бет бұрған жастар ауданымызда жеткілікті.