Inicio Экономика Корейлік делегация Түркістанда

Корейлік делегация Түркістанда

28 маусым күні Түркістан қаласына Оңтүстік Кореялық қоршаған ортаны қорғау корпорациясының өкілдері профессор Рае Квон Чунг, Профессор Ю Джае Чеон және Кванг-Дон Ким жұмыс сапарымен келді. Қала әкімі Ә.Өсербаев «Жасыл экономика» бағдарламасы аясында іске асырылатын инвестициялық жобаларды еңбек ресурстары арқылы тиімді басқару жүйесіне техникалық көмек ұсыну, қолдау көрсету мақсатында келген делегация өкілдерімен кездесіп, «жасыл» экономика бағдарламасы аясындағы бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар делегация құрамында экологиялық ұйымдар қауымдастығы басқармасының төрағасы Айгүл Сағадибекқызы, G-Global Жасыл экономика және даму коалициясының төрағасы Салтанат Рахимбековалар болды.