Inicio Басты жаңалықтар ЖАС КӘСІПКЕРЛЕР БАС ҚОСТЫ

ЖАС КӘСІПКЕРЛЕР БАС ҚОСТЫ

Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі және «Атамекен» кәсіпкерлік мектебімен біргелікте «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету» ғимаратының мәжіліс залында ауылдық округтен келген жас кәсіпкерлерге арналған «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша дөңгелек үстел өтті.
Басқосуда аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің заңгері Жақсыбай Әмре, аудандық «Атамекен» кәсіпкерлік мектебінің кеңесшісі Айсұлу Қожанова және заңгер Ақжол Тосымбеков қатысты.
Іс-шара соңында қатысушылар «Жас кәсіпкер» жобасына жоғары бағаларын берісіп, жақсы тәжірибе алмасу болғандығын айтып тарқасты.
Бұл жобаны еліміздің барлық аймақтарында, негізгі үйлестірушісі ретінде «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы Жетісай аудандық филиалының «Атамекен» кәсіпкерлік мектебі ауданымыздың барлық қала, кенттермен ауыл округтерде өз ісін ашам дейтін азаматтарға кәсіпкерліктің алғашқы дайындық курсын және арнайы семинар-тренигтер, сонымен қатар тәжірибелік мастер класстар өткізіп, кәсіпкерлерге жан-жақты қолдаулар көрсетуде.