Inicio Басты жаңалықтар АРЫСТЫҚТАРҒА КӨМЕК

АРЫСТЫҚТАРҒА КӨМЕК

Төлеби ауданында төтенше жағдайларды алдын-алу штабының эвакуациялық комиссиясымен 24 маусым күні Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты арыстықтарды эвакуациялауға Төлеби ауданынан 10 қызметкер, 4 медик, 1 газел, 3 автобус жұмылдырылды.
Эвакуациялық топпен Ордабасы ауданындағы Қараспан ауылдық округі, Төреарық елді мекені, Тәуке хан мектебінде орналасқан эвакуациялық жинақтау пунктіне 550-ден аса адам тіркелді. Пункте 150 адамға тамақтану мүмкіндігі мен 100 орындық жатын орындар дайындалған. Бұл пунктке Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы келіп арыстықтардың хал-жағдайларымен танысып, қолдау білдірді. Төлеби ауданы әкімдігінің, аудандық мәслихаттың, аудан жұртшылығының қолдауымен зардап шеккендерге ас-ауқат, киім-кешек, дәрі-дәрмектер жеткізілуде. Сонымен қатар, «Төлеби аудандық жастар рессурстық орталығы» КММ-сі ауданның жастарымен бірлесе арыстықтарға гигиеналық заттармен, төсек жабдықтармен өз көмектерін көрсетуде.
Қазіргі таңда ЭЖП-де 89 азамат қалып отыр. Қалғандары жақын аудандарда орналасқан ағайын-туыстарының үй-жайларына көшкен. Сондай ақ, Отандастарымызға аталмыш пунктте Созақ, Сайрам аудандары да бірлесіп қол ұшызын созуда.