Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі мен тұтастығын берік қалыптастыруда қоғамдық – әлеуметтік пәндердің, соның ішінде филология пәндерінің алар орны ерекше. Рухани құндылықтарды бағалауда филология пәндері тәлім – тәрбиелік, көркем – эстетикалық, тарихи – танымдық маңызды қызмет атқарады. Сол себептен филологиялық білім беру заман талабына қарай жаңа технологиялармен оқытылып, ақпараттандырылуы өзекті мәселелердің қатарына жатады. Білім беруді ақпараттандыру жағдайында филология саласындағы педагогтардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Қазіргі заманғы оқыту интеллектуалдық ерекшеліктеріне сүйене отырып білім беруді қажет етеді. Жаңа технологиялар педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол ұстазды алмастыра алмайды. Компьютерді ұстаз қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге тілдік мәтіндер, ақын жазушылардың шығармалары, суреттер, иллюстрациялар, табиғат бейнесі т.б. жатқызуға болады.
Бұл кезде ұстаздың көмегінсіз шәкірттер өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Сабаққа қажет ақпараттарды жинақтауда ақпараттық-анықтамалық жүйе құрамында электрондық құрылғылармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Филологиялық білімді қазіргі заман талаптарына сай ұйымдастырып, оның білім беру үдерісіне жаңа технологияларды енгізу туралы ғылыми зерттеулерге тереңірек үңілсек, ой жүгіртсек, қазіргі заманның әрбір адамы белгілі бір сана қасиетке ие болары анық. Өйткені жаңа заманның адамы жылдам өзгеріске түсіп, өзгеріп отыратын қазіргі жоғары дамыған ақпараттық қоғамға бейімделуі қажет.
Қазіргі таңда отандық білім беру саласының алдында үлкен бір міндет тұр. Ол – қазақстандық әрбір азаматтың бойына түрлі біліктілік қасиеттердің ішіндегі ең бастыларының бірі болып саналатын ақпараттық технологияларды дұрыс пайдалануды қалыптастыру. Техниканың жетістіктері арқасында туындаған жаңа атаулар сөздік қорымызға көптеп қосылуда. Сөздік қорымызға жаңадан қосылып жатқан сөздер алғашында жаңсақ ұғыммен еніп кетсе, оны дұрыстау көп уақытты қажет етеді. Негізінен жаңа сөздер, терминде көбінесе бұқаралық ақпарат құралдары қазақ тіл білімінде жеке сөз таптарының жасалуы ретінде қарастырылып келген сөзжасам тіл білімінің жеке саласы ретінде танылып отыр. Оның өзіне тән зерттеу нысаны, тіл дамуында алатын орны, тілдің өзге салалармен байланысы, ұқсастығы мен айырмашылықтары, тілдік бірліктері секілді тіл білімінің жеке саласы ретінде тануға негіз болатын басты белгілері ашылды.
Ғылым мен техника тілін жасау кезеңінде жарыспалы сөздер қатары көп кездеседі. Сонда бұл жарыспалы сөздердің терминденуге лайықты екенін тауып, тани білуге ереже ұсыну мүмкін емес. Әрбір ғылым саласының термин жасау практикасы нақты жағдайға орай өзіндік жолды көрсетіп отыр. Аталған нұсқалардың қайсысының семантикалық өрісі қазіргі терминдер үдерісіне дәл келеді деп айтуға әбден болады.
Қазіргі уақытта өркениетті елдердің біразы пайдаланып жүрген халықаралық терминдердің көбі өз тілімізге аударылып беріліп жүр. Ондай терминдерді филология терминологиясынан да көптеп кездестіруге болады. Тіл білімінің даму барысында оның өзекті мәселелерінің бірі -тілдік нысандарды прагматикалық лингвомәдениет танымдық тұрғыдан зерттеу жұмыстарын қолға алу болып отыр. Себебі әлемдік мәдениеттер арасында ұлттың өзіндік табиғаты мен бет болмысы алдымен тіл арқылы, оның тілдік саласы арқылы танылады. Тілдің қүрылымына негізделген мүмкіндіктер ғаламның бейнесінде қалыптасқан ұлттық ойлау үрдістері мен сан салалы қоғамдық қатынастарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
«Тіл мен әдебиетті ұлттан, ұлттық мәдениеттен, ұлт өмір сүріп отырған қоғамдық – әлеуметтік қарым – қатынастан бөліп қарау мүмкін емес. Қазақ қоғамының көркем – эстетикалық таным – біліктілікке деген құштарлығы қашанда мәңгілік. Сондықтан да тіл мен әдебиет заман талабына сай жаңаша оқытылып, оның рухани – мәдени әлеуетін ұрпақ тәрбиесінде барынша тиімді пайдалану маңызды мәселелердің» бірі болмақ.
Көптілділікті қалыптастыру-өмір талабынан туған мәселе. Өйткені егемен еліміздің әрбір маманының құзіреттілігі, бәсекеге қабілеттілігі тілді меңгеруінен анық аңғарылытындығы шындық. Көптілділік – тілдің қызметі, құрылымымен байланысты көп аспектілі құбылыс лингвистика, әлеуметтану, психология, этнолингвистика, этнопсихологиясымен байланысты. Тілдер қатынасы теориясының негізін салушы У.Вайнрайх анықтамасы бойынша бірнеше тілді алма кезек қолдану практикасы – көптілділік. Тілдерді меңгеру деңгейін әр зерттеуші әр түрлі анықтайды. Кей ғалымдар қостілділікті екі немесе бірнеше тілдерді әр түрлі деңгейде білу, ғалымдардың бір тобы екі немесе бірнеше тілді ана тілін білу деңгейінде меңгеруі деп қарастырып жүр. Қостілділік Л.В.Щерба, У.Вайнраих, А. Розенцвейг еңбектерінен бастау алады.
Біздің міндетіміз – 2025 жылы қазақ тілін меңгергендердің қатарын 95% жеткізу. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы атап өткендей, біз ең алдымен, еліміздің көпұлттылық және көптілді-лік сияқты басты құндылықтары мен басымды-лықтарын сақтап қалуымыз қажет. Тілдік ортаны қалыптастыруда әсіресе тәрбие беруді, патрио-тизмді, адамгершілік пен азаматтық қағидат-тарын насихаттауға ерекше көңіл бөлуіміз керек.
Осыны нақты түсінген «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы ұжымы аталған жоба негізінде ең әуелі көптілділікті қалыптастыру мәселесі бойынша төмендегі міндеттерді жүзеге асыру қажеттігін белгіледі:
-Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің қолданылу аясын кеңейтуге ықпал ету;
– Барлық қауымның тілдерді меңгерудегі міндеттерін орындауға қажетті алғы шарттарды енгізу;
– Тілді оқыту мен үйренудің озық әдістеме-лерін және жаңа технологияларды енгізу;
– Кезең- кезеңмен тілдерді меңгеруге көмек көрсету, бұл бағыттағы іс-шараларды нақты қолға алу;
– Олимпиада, пікірсайыс, дебат, тәрбие сағаттарын, т.б. іс- шаралар өткізіп, онда бағдарламаның негізгі бағыттары бойынша мамандыққа, тілге қатысты мәселелер көтеру.
Осы міндеттерге орай жоспарланған жұмыстар өз дәрежесінде орындалып отырады. Оның үстіне көптілділікті қолдаушылар, бірнеше тілде сөйлейтін, полимәдениетті филология саласының мамандары болғандықтан, институт ұжымы тыңдаушылардың біліктілік деңгейін осы бағытта көтереді, ол нақтылы іс-шараларда көрініс береді. Атап айтқанда:
– Оқу әдістемелік құралдар, ПОӘК материал-дары, сабақ конспектілерін дайындағанда мүмкіндігінше үштұғырлы тіл мәселесі ескерілген.
-«Атамұра» атты үйірме ұйымдастырған. Үйірменің жоспары, жасалып, институт мәжілісінде бекітілген.
– «Қазақстан Республикасының тілдер туралы» Заңын негізге ала отырып, институт нақтылы іс-шараларды орындады. Тіл туралы заңның орындалуы нақты жүзеге асырылған. Барлық іс-құжаттар қазақ тілінде жүргізілген. Кураторлық топтарда ана тілін құрметтеуге арналған тәрбиелік жұмыстар жыл бойына жүргізіліп отырады. Кафедраға мерзімді баспасөз бетінен ана тілін құрметтеуге шақыратын насихат жүргізуде белсенділіктерін көрсетіп отырады, мемлекеттік тілде іс-шаралар өткізуде белсенді. Мемлекетіміздің егемендігінің басты белгілері: туған жері, тілін, мелекеттік рәміздерін құрметтеуді үйрету, түсіндіру арқылы патриоттық, саяси-идеялық және құқықтық тәрбие беру ісіне баса назар аударылып, оны насихаттау оңды жолға қойылған. Институтта өткізілетін пәндік курстарда мүмкіндігінше тіл мәселесі негізгі басты назарда ұсталады. Курс барысында «Үш тұғырлы тіл- заман талабы» деген тақырыпта пікірсайыс, дебат өткізіліп, мамандыққа, тілге қатысты мәселелер көтерілген. Көптеген көптілділік, тілдік қатынас мәселесіне арналған еңбектерде көптілділік мәселесін жан-жақты қарастырудан гөрі, тілдер қатынасының бір аспектісі ретінде қарастыруды алға тартады. Дегенмен бүгінгі тіл мәселесіне қатысты сұрақтардың барлығы мемлекеттік тілдің дамуы мен қолданысының аясында қарастырылуы тиіс екендігін институт оқытушыларыда назардан тыс қалдырмай келеді.
Республика тұңғыш Президенті өзінің кезекті Жолдауында «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі-еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін, одан әрі дамытуға күш-жігер жұмсауымыз керек»,- деді. Қазақ тілінің одан әрі өсіп өркендеуі үшін болашақта атқарылатын істер біршама атап айтсақ, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты аясында ғана пайдаланатын жеке-жеке оқу құралдарының жасалуын қамтамасыз ету, қазақ тілін оқыту ісінде қазақ әдеби тілінің қазіргі әдеби нормасын, тіл мәдениетін ілестіре үйрететін мезгіл жетті. Кәсіби бағдарлы оқыту мәселесі лингвоел- танымдық бағыттағы материалдары әрине қажет. Кәсіби бағдарлы оқыту әрбір үйренушінің кәсіби биліктілігін қалыптастырса, лингвоелтанымдық материалдарды ұсыну-отаншылдық сезімнің қалыптасуына, елге адал қызмет етуге тәрбиелеуге ықпал етеді, жалпы ой-өрісін кеңейтеді. Тіл тағдырына жанашыр адам екенімізді білдіре отырып, қазақ тілінің болашағына зор үмітпен қараймын. Аталған институттың Жамбыл облысындағы филиалы қазақ тілінің деңгейін биікке көтеру үшін келесі бағыттарда жұмыс жүргізуді жолға қойды.
Бірінші бағыт – мектепке дейінгі мекемелер-де, яғни балабақшалардағы бүлдіршіндерге арналған осы заманғы кешенді әдістемелік жүйе жасау және соған орай қажетті оқу құралдарын шығару. Осы бағыттағы жұмыстар Елбасының Жолдауында берілген тапсырмаға сәйкес арнайы әзірленіп жатқан «Балапан» бағдарламасымен ұштастырылып іске асырылмақ.
Екінші бағыт – орыс және өзге ұлт тілдеріндегі мектептерде қазақ тілін оқытудың жүктемесін арттырып, қазақ тілі пәнін бірыңғай ұлттық тест тапсырудағы міндетті пәндердің қатарына қосу. Осы саладағы кадрлар біліктілігі мен оқулық сапасын арттыру.
Үшінші бағыт – қазақ тілінің мемлекеттік қызмет жүйесіндегі өрісін кеңейту. Қазір осыдан он, тіпті, бес жыл бұрынғымен саластырғанда, әлдеқайда зор өзгерістерге қол жеткізілгені өмір шындығы.
Төртінші бағыт – республика азаматтарының өз бетінше тіл үйренуіне қолайлы жағдай туғызу.
Бесінші бағыт – мемлекеттік тілді осы заманғы ақпараттардыру жүйесінің тіліне айналдыру. Ол үшін институтта Интернет желісіндегі қазақ тілді сайттардың көбірек ашылуына барынша жағдай жасау.
Қорыта айтқанда көптілді біліп меңгеру өркениет талабы болса, ана тілін білу, дамыту, құрметтеу– адам баласының ғана емес, жалпы ұлттың, халықтың, қоғамның, сәйкесінше, мемлекеттің болмысын көрсетуші құбылыс. Тілге қамқорлық жасау – ұлттың болашағын қорғау. Ендеше, тіл және мәдениетке қатысты айтылған мәселелер дер кезінде оң шешімін табуы тиіс.
М.КӨПБАЕВА.