Inicio Қоғам АГРОӨНЕРКӘСІП: САУРАНДА 5 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

АГРОӨНЕРКӘСІП: САУРАНДА 5 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты міндет. Жұртты өнім өңдеуге ынталандыру керек. Ол үшін салық саясатын қайта қарау қажет. Бұл салада ірі компаниялар көбірек болса, нақты серпіліс жасауға болады.Біз экспортты ұлғайта отырып, ішкі нарықты да ұстап тұруымыз керек. Сондықтан елімізге сапалы өнімді қажетті көлемде тұрақты ұсына алатын кәсіпорындар қажет. Отандық агрофирмалардың ірі компаниялар қатарына кіргені жөн болар еді. Сондай-ақ, өзара тиімді шарттарды ұсынып, бұл жұмысқа халықаралық корпорацияларды белсенді түрде тарту керек”, – деді Тоқаев.

Сондай-ақ, ол ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамыту сияқты біз үшін болашағы зор бағыттарға басымдық берген абзал екенін айтты.

“Ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамыту сияқты біз үшін болашағы зор бағыттарға басымдық берген абзал. Сонымен бірге, өз еліміздегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының әлеуетін қаперден шығармаған жөн. Осы ретте 100-ден астам ірі сүт-тауар фермасы салынып жатқан Солтүстік Қазақстан облысының жетістіктері көпке үлгі.

Шаруалардың тәжірибесі мол, жем-шөп қоры да жеткілікті. Оған қоса байыпты қолдау шаралары қолға алынған. Осының бәрі тұтаса келе тәп-тәуір нәтиже беріп отыр. Құс фабрикаларын, көкөніс қоймаларын, ет өнімдерін шығаратын кәсіпорындар салған кезде осы тәжірибені басшылыққа алу керек”, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев суды аз қолданатын кәсіпті дамыту туралы айтты.

“Қазіргі ауыл шаруашылығы – жоғары технологиялы сала. Шаруаларды жер жағдайы немесе ауа райы емес, инновациялық амал-тәсілдер табысқа жеткізеді. Заманауи ғылымға сүйенбесе, ауыл шаруашылығы жай тоқырауға емес, құрдымға кетеді. Агроғылымды дамыту және ең бастысы, оны ауыл шаруашылығында іс жүзінде қолдану үшін шаралар қабылдау қажет.Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын зерттеу ісінің барлық сатысын қамтитын агротехнология хабына айналдыру керек.Сондай-ақ, шетелдің танымал агро-ғылыми орталықтарымен толыққанды ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастық орнату керек. Біз жеке ғылыми-технологиялық бастамаларды қолдаймыз. Білім беру бағдарламаларын ауыл шаруашылығы талаптарына бейімдейміз. Егін шаруашылығында маңызды реформа жасайтын кез келді. Егіс түрлерін көбейтуіміз керек.

Сондай-ақ көбірек пайда әкелетін дақылдар еккен жөн. Суды көп қажет ететін егіс алқабын біртіндеп азайтып, бір ғана дақыл түрін егуді шектеу қажет. Диқандарды жергілікті тұқыммен қамтамасыз ету маңызды. Сонымен қатар, жаңа сұрыптарды шығарып, оны өсіру мәселесін шешкен жөн”, – деді Тоқаев.

“Ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор. Бірақ біз қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдаланбай отырмыз. Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты міндет. Жұртты өнім өңдеуге ынталандыру керек. Ол үшін салық саясатын қайта қарау қажет” , – деді Тоқаев.

Осы ретте Сауран ауданы, Оранғай ауылдық округінде 5 мың басқа арналған мал бордақылау алаңы іске қосылды. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров «Жасыл аймақ» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативіне арнайы барып, жаңа бастамаға сәттілік тіледі.

Кооператив төрағасы Аброр Рыскуловтың  айтуынша, алаңда жылына 4000 тонна ет дайындау көзделуде. Мал бордақылау алаңы 1,7 гектарға орналасқан. Мұнда 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жоба құны 1,5 млрд теңгені құрайды.

Қазіргі таңда асыл тұқымды мал санын арттыру және олардың өнімділігін көбейту мақсатында шетелден 500 бас асыл тұқымды ірі қара сатып алынды. Алдағы уақытта 2024 жылдың сәуір айына дейін ірі-қара санын 5 мың басқа дейін көбейту жоспарлануда. Сонымен қатар, алдағы уақытта шағын және орта бизнестің бәсекелестікке қабілеттілігін қалыптастыру және кәсіпкерлердің экономикалық белсенділігін арттыру бағытында жұмыстар жүргізілетінін жеткізді. Кәсіпкерлер келешекте жанына тағы осындай орын қосуды жоспарлап отыр. Сауын жылқыларын әкеліп, қымыз өндірісін де дамытпақ. Оның үстіне, бағаны аспандатып, қиындықтар тудырып жатқан делдалдардың жұмысын да реттеу керек. Өйткені, қымыз қолдан қолға өткеннен кейін бағасы аспандайды. Ересек ірі қараны, негізінен жасы жетіп жарамсыз деп табылған сиырды бордақылау бастапқы күйіне қарай 2 — 3 айға созылады.

Осы орайда мал бордақылау саласы бойынша ақпараттарды оқырман назарына ұсынамыз. Бордақылау дегеніміз — малды сапалы ет пен майды көп алу үшін сояр алдында жемге байлап қолдан семірту. Бордақылау мерзімінің ұзақтығы түліктің түріне, малдың жасына, бастапқы салмағы мен қоңдылығына байланысты. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің сарапшылары бұл көрсеткішті өңірлерде енді аяқтан тұрып келе жатқан кәсіпкер-фермерлер үшін үлкен кедергі деп таныған. Сол үшін аталған қағидаға түзету енгізіп, «Мал бордақылауға арналған объектілерді құру және кеңейту» жобасының № 5 паспортына ірі қара малды біржолғы күтіп-бағу 500 басқа дейін, қойды да біржолғы күтіп-бағу 500 басқа дейін азайту жолымен» кәсіпкердің инвестициялық шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қажет деген нұсқау беріп отыр.  Ересек ірі қараны, негізінен жасы жетіп жарамсыз деп табылған сиырды бордақылау бастапқы күйіне қарай 2 — 3 айға созылады. Бордақылау кезеңінде сиыр тәулігіне 800 — 1000 г үстеме салмақ қосып тірілей салм. 18 — 20%, сойыс салм. 40%-ке артады, етінің сапасы да жақсарады. 12 —14 айлық тайыншаларды Бордақылау 3 — 4 айға созылады. Бордақылау маусымында жас малдың салмағы 1,5 есе, еті мен майы 2 есе, етінің калориясы 3 есе артады. Етке өткізетін еркек бұзауларды өсіру мен Бордақылау процестерін толассыз өзара ұштастыру арқылы Бордақылау соңында тайыншаның салмағын 12 — 13 айлығында 380 — 400 кг-ға, 16 — 18 айлығында 450 — 500 кг-ға жеткізуге болады. Бордақылау жұмысын дұрыс ұйымдастырғанда, ірі қара тәулігіне кемінде 1 кг салмақ қосады. Шошқа жасына қарай ет немесе май алу үшін бордақыланады. Шошқа етін өндіру үшін салмақ 25 — 30 кг 3 айлық торайларды 6,5 — 7,5 айлығында 100 — 120 кг-ға жеткенге дейін бордақылайды. Бордақылау қой өсіруде де жиі қолданылады. Қозыны 4,5 — 5 айлығынан бастап салм. 40 — 60 кг-ға жеткенше бордақылайды. Биязы жүнді қойдың қозысын 8 — 8,5 айлығына, биязылау және қылшық жүнді тегене құйрықты қойлардың қозысын 7 — 7,5 айлығына дейін, етке соятын саулық, қошқар, ісектерді басында жайылымда семіртіп, кейін 1 — 1,5 ай қолда жемдеп бордақылайды. Арнайы қой Бордақылау кешендерінде қозы Бордақылау 4 — 4,5 айлығынан 13 — 14 айлығына дейін жүргізіліп, салм. 55 — 65 кг-ға жеткізіледі, алдын ала (1,5 — 2 ай бұрын) қырыққаннан кейін етке өткізіледі. Соғымға белгіленген сақа жылқыны қысқа мерзімде жедел, қоңы орташаларын 35 — 45 күн, қоңы төмендерін 50 — 60 күн бордақылайды. Бұл кезде жылқы тәулігіне орта есеппен 1 — 1,5 кг үстеме салмақ қосады. Мал Бордақылаудың тиімділігін арттыру үшін түліктің барлық түрлеріне ортақ өсіп-даму заңдылықтары басшылыққа алыну керек. Жас малды бордақылағанда алғашқы кезде оның салмағы ет пен сүйегінің толысуына байланысты жүреді де, үстеме салмаққа азық аз жұмсалады, ал одан кейінгі салмақтың артуы (өсуі) денедегі майдың түзілуіне байланысты болғандықтан, азық шығыны көп жұмсалады. Мысалы, еркек бұзауға тәулігіне орта есеппен 1 кг салмақ қосу үшін 6 — 9 айлығында 7 — 7,5 кг, 9 — 12 айлығында 8 — 9 кг, 12 — 15 айлығында 9 — 10 кг, ал 15 — 18 айлығында 10,5 — 11,5 кг азық өлшемі жұмсалады. Дені сау мал ғана тез қоң алып семіреді. Сондықтан Бордақылауға қойылған мал бақылауда болуы қажет.