Inicio Мәдениет ТҮРКІСТАН: АРЫСТА БИ ӨНЕРІ ДӘРІПТЕЛДІ

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА БИ ӨНЕРІ ДӘРІПТЕЛДІ

Бүгін Түркістан облысы Арыс қаласында  «Алтынай» би тобының концерттік бағдарламасы өтті. Хореография – ой мен мазмұнды музыкалық-хореографикалық бейне арқалы ашатын сахналық өнердің бір түрі.  Ол  адамның мінез-құлқын, ішкі жан дүниесін, әрекетін көрсететін таза ырғақтың көрнісі. Арыс  қалалық мәдениет үйінің «Алтынай» би тобы 2010 жылдан бері жұмыс істеп келеді.  Бүгінгі  таңда үш топта  40-қа жуық шәкірт тәрбиелеп отыр.   Бірнеше би байқауларының жүлдегері атанып үлгерді.  Түркістан облысының құрылғанына бір жыл толуына орай өткізген концерттік бағдарламаны мәдениет үйінің директоры Ш.Қарабаева ашып, барша өнерпаздар мен ата-аналарды құттықтады.  Аталмыш  іс-шарада би ұжымы 13 биді сахналады.  Кәсіби биші, мәдениет қызметкері  Лаура  Шұлғаубаева жетекшілік ететін би тобының алар асуы әлі алда. Сондай-ақ, бұл концертте бірқатар жас бишілер алғыс хаттармен марапатталды