Inicio Басты жаңалықтар «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 2020 ЖЫЛЫ АЯҚТАЛМАҚ

«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 2020 ЖЫЛЫ АЯҚТАЛМАҚ

 Түркістан қаласы үшін 2019 жыл «Жастар жылы» ғана емес, құрылыс жылының қызған шағы. Алып құрылыс алаңына айналған облыс орталығында еліміздегі ірі құрылыс компаниялары киелі шаһарды түлету жолында күндіз-түні тер төгуде.

  Соның бірі – «BI CONSTRUCTION TURKESTAN» компаниясы. Мердігер мекеме биылғы жылдың сәуір айынан бастап «Ұлы Дала Елі» орталығының құрылысын жүргізуде. Нысан келесі жылға өтпелі. Нақтырақ айтсақ, Атырау облысы әкімдігінің сыйы – 2020 жылдың қыркүйек айында аяқталуы тиіс.

  Жоба жетекшісі Айгуль Бапишеваның айтуынша, 0,8 га жер телімінен бой көтеретін орталықтың көлемі 6200 шаршы метр. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары өз кезеңімен жүріп жатыр.