Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қостанай облысы бойынша департаментімен бұрын Әулиекөл аудандық сотының төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды.
А.ж.
27 мамырда Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен ол лауазымдық
өкiлеттiктерді асыра пайдалану мен көрiнеу әдiлетсiз сот үкiмiн шығару
фактілері бойынша кінәлі деп танылды және мемлекеттік қызметте
лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасына тартылды.
ҚР МҚІСЖҚА баспасөз қызметі