Қырғыстан Республикасында кикбоксингтен спорттық клубтар мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтті.
Аталмыш чемпионатқа Сарыағаш ауданының «Қажымұқан атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» командасы қатысып, жүлделі орындармен оралды. Атап айтқанда, әртүрлі салмақ дәрежесінде сайысқа түскен Ерасыл және Нұрасыл Ергешбай жүлделі 1-орын, Бекарыс Талип 2-орын, ал, Ақарыс Талип 3-орынға қол жеткізген. Жалпы жарысқа Сарыағаш ауданынан 5 спортшы аттанған болатын. 300-ден аса спортшы қатысқан жарыста Сарыағаш ауданының ағайынды-егіздері осылайша алтыннан алқа тағынып, жеңіспен оралды. Табандылық танытып, Азия чемпионатында еліміздің мерейін үстем еткен жас спортшыларға ерекше құрмет көрсетілді.