Келес ауданында электр жүйесінің ескі бағаналары жаңартылуда. Мәселен, бүгінге дейін бірқатар жоғары кернеулі желі тіреулері мен электр бағаналары алмасты. Жөндеу жұмыстары «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС есебінен жүргізілуде.
«Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің 2021 жылға жоспарлаған инвестициялық бағдарламасы Келес ауданында қарқынды жүріп жатыр. Атап айтсақ, аудан бойынша Біртілек ауылдық округінің Керегетас, Ораз ата елді мекендері, сондай-ақ Абай ауылының Арал мөлтек ауданындағы ескірген ағаш бағаналары темірбетон бағаналарымен алмастырылады. Сонымен қатар, кернеуі 0,4 киловольттық электр сымдары да жаңаратын болады.
Қазіргі таңда мекеме қызметкерлері ұзындығы 4,3 шақырым жерге 132 электр бағанасын жаңарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жаңарту жұмыстары аяқталған соң 125 үй сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілмек. Ораз ата ауылының көшелеріндегі ескірген электр бағаналарын жаңасына ауыстыру жұмысы қыркүйек айында аяқталады деп жоспарланып отыр.