Start Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАНДАҒЫ СТАДИОН 12 МЫҢ ОРЫНҒА ЛАЙЫҚТАЛЫП, КЕҢЕЙТІЛЕДІ

ТҮРКІСТАНДАҒЫ СТАДИОН 12 МЫҢ ОРЫНҒА ЛАЙЫҚТАЛЫП, КЕҢЕЙТІЛЕДІ


Бүгін Түркістан қаласына ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен келді. Бұл жолғы келістің жөні бөлек. Нақты тапсырмалар, нақты жұмыстар, нақты жоспарлар сөз болды. Өйткені Түркістанның құрылысына қарқын қосу керек.

Премьер-Министр құрылысы басталған және енді басталғалы тұрған нысандарды аралады. Қасында Елбасы тапсырмасы бойынша сол нысандарды салу міндеті жүктелген жауапты әкімдер мен компания басшылары бар. Мені ерекше қуантқаны Түркістанда бой көтеретін стадионның жобалық-сметалық құжатына өзгеріс енетін болды. Енді орталық тадион бұрын жоспарлағандай 7 мың емес, 12 мың орындық ірі стадионға айналады. Түркістанда халық саны артып, үлкен қалаға айналатыны ескерілді.

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның демеушілігімен салынатын стадионның құрылысын «ДӘН-ҚО» ЖШС жобалаған. Бұған дейін жер бөлініп, барлық құжаттары рәсімделген. Қазір құрылыс алаңын өсімдік қабатынан тазалау жұмыстары аяқталып, қазаншұңқыр қазу жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2020 жылы пайдалануға беріледі.