Start Мәдениет ТҮРКІСТАН: КӨРІСУ ДӘСТҮРІ ДӘРІПТЕЛДІ

ТҮРКІСТАН: КӨРІСУ ДӘСТҮРІ ДӘРІПТЕЛДІ

Тарихи деректерден белгілі ата-бабаларымыз қыс мезгілінде мал-жанның қамымен бір-бірінен қол үзіп қалған халықтың туған-туысын, жақындарын іздеп барып, көрісетін болған. Бұл күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Көрші-қолаң бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады. Яғни, көктемге аман-сау жеткен жандардың тілек айтып, бір-бірімен қауышатын күні.

Бүгінде бұл мейрамды еліміздің барлық өңірлері тойлауда. Дәстүр жалғасы Түркістанда көрініс тауып, жас өрендерге қауышу күнінің маңызы түсіндірілді. Театрландырылған қойылымдар қойылып, көрісу рәсімі дәріптелді.
«Көрісу жоралғысы бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді. Бір-бірін танитын барлық адам, тіпті әртүрлі себептерге байланысты жанжалдасқандарда көрісіп, қол алысуға міндетті. Ежелден келе жатқан салттың талабы – осындай. Көрісу күні де сәлемдесудің сауапты іс екенін жастардың санасына сіңіруге септігін тигізеді деп ойлаймын», – деді Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық хатшылығы меңгерушісінің м.а. М.Камеденова.

Ұлттық кодты ұлықтауға арналған мерекеге қаламыздағы славян, өзбек, түрік этномәдени бірлестіктері белсенділік танытты. Шара мәдениет үйі әншілерінің концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.